Білім • 05 Сәуір, 2020

«Balapan» телеарнасы оқушылардың бейне-сабақ кестесін жариялады

25333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшеді. Бұл туралы balapan.kaztrk.kz хабарлады. 

«Balapan» телеарнасы оқушылардың бейне-сабақ кестесін жариялады

Бейнесабақтар қазақ тілінде дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін 1-11 сынып оқу пəндері бойынша «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі.    Телеарнаны www.balapan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көру мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store» мен «Play Market» сервистерінен тегін жүктеуге болады. 

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы құрамындағы «Balapan» телеарнасын «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі және аналогты хабар тарату жүйесі арқылы көруге болады.

Бейнесабақтарды көпшілікке қолжетімді ету мақсатында «Balapan» телеарнасының YouTube желісіндегі ресми арнасынан да тікелей көрсету жоспарланып отыр.  Сонымен қатар сабақтар «Қазақ радиосында» өткізіледі.