«Қазіргі таңда төтенше жағдай режимін енгізу қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды», деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.
Министрдің айтуынша, негізгі шарт бойынша елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда локдаун енгізіледі.
Айта кетейік, бір тәулік ішінде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2853-ке жеткен.