Кино • 20 Қыркүйек, 2022

Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм

554 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ және түркі анимациясының негізін қалаушы Ә.Қайдаровтың 100 жылдығына арналған шағын анимациялық хикаяның түсірілімі басталды.

Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм

Ұлттық анимация атасының өміріндегі ең жарқын сәттерге негізделген фильм «Әмен аға­ның ғажайып ағашы» жұ­мыс атауымен қысқаметрлі ани­мациялық туындылардың қата­рын толықтырмақ. Аталған кар­­­тина Ш.Айманов атындағы АҚ «Қазақфильм» киностудия­сында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қол­­дауымен Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілуде. Ани­мациялық фильмнің сцена­рийін Әмен Қайдаровтың шәкірті Та­мара Мұқанова мен қазақ мифо­логиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист Зира Нау­рызбаева жазған.

«Фильм желісі Әмен ағаның «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмінде жұ­мыс істе­ген жылдарымен тікелей бай­­ланысты өрбиді. Шығар­машы­лығын балалар әлемімен бай­ланыстырған Әмен ағаға шабыт қалай келді, ол анимация өнерімен қалай айналыса бас­тады, түсірілім кезіндегі басқа да бастан кешкен қиындықтары мен қызықтарын бүгінгі кө­рермен білуге тиіс деп ойлаймын. Негізгі мәліметтер мен әде­­би де­ректер марқұм Б.Нө­гербековтің «Когда оживает сказ­ки» кі­та­бынан алынды. Фильм тар­мақты тәжі аспанға жет­кен ерек­ше алма ағашының ақ-қара сызбасынан басталады, желмен бірге сыбдырлаған үл­кен жапырақтары мен жердің қалың қатпарына сіңіп, құнар­лана түс­кен тамырлары ұлттық ани­мацияның символикалық бей­несі іспетті. Әмен аға ағашының ерекшелігі де сол. Мұқият зерттегенде, алмалар дөңгелек қаңылтыр жәшіктер болып шығады (ол кездегі фильмдер дөңгелек қаңылтыр жәшіктерде сақталған)», – деді фильмнің қоюшы режиссері Жанәділ Байдарбеков.

«Жалпы, 10 минуттық фильм жасауға кемінде жарты жыл уақыт кетеді. Қазір бізде тех­никалық тұрғыдан біраз қиын­дықтар бар. Себебі суретте тек мультфильм жасау­шыларды ғана емес, Әмен ағаның жанында жұмыс істе­ген Нұрғиса Тілендиев, Олжас Сүлейменов сынды мәдение­тіміздің көр­некті қайрат­кер­лерінің, өзге де белгілі тұлға­лардың образын, түр әлпетін барынша ұқсатып жасау үл­кен жауапкершілікті жүк­теп отыр»,– дейді жас режиссер.

«Әмен ағаның ғажайып ағашы» жұмыс атауымен қолға алған анимациялық фильмін жасауға он шақты маман жұ­мыл­дырылған. Жоспар бойын­ша жыл соңына дейін туын­дыны аяқтау міндеті тұр. Қазақ­стандық көрерменге ал­дағы жылдың көктем айында Әмен Қайдаровтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жол тарт­ады.

 

АЛМАТЫ