Марапат • 26 Тамыз, 2024

Өзбекстан Президенті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерін марапаттады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Республикасының Президенті Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін «Дўстлик» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Президенті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерін марапаттады

Фото:t.me/Press_Secretary_Uz

Марапаттар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және тату көршілік қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

«Дўстлик» орденімен марапатталғандар:

  • Қарин Ерлан Тынымбайұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;
  • Желдібай Руслан Сұлтанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
  • Жұманғарин Серік Мақашұлы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;
  • Балаева Аида Ғалымқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;
  • Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  • Хашимжанов Икрам Акрамұлы, Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.