Пікір • Бүгін, 08:35

Әділ қоғамның негізі

2 мин
оқу үшін

Бүгін күшіне енген Ата заңымызда көрініс тапқан басты құндылық – барлық аза­­маттың заң алдындағы тең­дігі. Әлеуметтік мәртебе­сі­не, қызметіне немесе басқа да ерек­шеліктеріне қарамастан әр адамның құқықтары бірдей қорғалуға тиіс. Тең мүмкіндік – бұл құқықтарды жүзеге асы­руға жағдай жасау. 

Әділ қоғамның негізі

Білім алу, еңбек ету, кәсіп­керлікпен айналысу, мемле­кет­тік қызметке орналасу, сот арқылы қорғану сияқты негізгі құқықтардың барлығы аза­мат­тарға тең дәрежеде қол­жетімді болуы қажет. Сон­дық­тан жаңа Конституция әр адам­ның өз әлеуетін жүзеге асы­руына құқықтық негіз қалып­тастырады.

Елде болып жатқан реформалар нәтижесінде Конс­титу­ция­лық сот қайта құрыл­ды. Бүгінде азаматтар өздерінің конс­­­титуциялық құқық­тары бұ­зылды деп есептесе, ті­­ке­­лей Конституциялық сот­қа жүгіне алады. Сонымен қатар адам құқықтарын қор­ғау инс­титуттарының рөлі кү­шей­­тілді, өлім жазасы түп­­­кілікті алынып тас­тал­­ды, про­куратураның құ­қық қор­­ғау функциялары нақ­­­ты­­ланды. Бұл өзгерістер құ­қық үстемдігін нығайтуға бағыт­талған.

Бұл бағытта Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл инсти­тутының міндеті – азамат­тар­дың құқықтары мен заңд­ы мүдделерін қорғауға жәр­дем­десу, мемлекеттік органдар мен қоғам ара­сындағы өзара сенімді ны­ғайту. Азаматтардың өті­ніш­терін қарап, құқық­тарының сақ­талуы­на мониторинг жүр­гізу, құқық­тық түсіндіру жұ­мысын ұйымдастыру. Әрбір өті­ніштің артында нақты адам­ның тағдыры тұрғанын ұмытпай, заң аясында әділ шешім қабылдануына ық­пал етуге күш салу.

Конституцияны құр­меттеу – мемлекетті құр­меттеу деген сөз. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің құқығына да құрметпен қа­раса, заң үстемдігі орнығып, әділетті қоғам қалыптасады. Жаңа Конституция бізге тең мүмкіндіктер ұсы­нады. Ендігі міндет – сол мүмкіндіктерді жауап­кершілікпен пайдаланып, еліміздің дамуына үлесімізді қосу.

 

Баян ЖАЛМАҒАНБЕТОВА,

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас талғамайтын би байқауы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Бір ғасыр бұрынғы суреттер

Жәдігер • Бүгін, 08:53

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Қараусыз қалған саяжайлар

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мың жылқының дүбірі

Мирас • Бүгін, 08:45

Төскейдің сәні төрт түлік

Аймақтар • Бүгін, 08:43