Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21640 материал табылды

Медицина • 14 Қазан, 2020

163 млрд теңге медициналық көмекті қаржыландыруға бағытталды

Осы жылдың 8 айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 163,6 млрд теңге жіберді, деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Экономика • 14 Қазан, 2020

Тарифтердің күрт көтерілуіне жол берілмейді

Жуырда бірқатар ақпарат құралдарында сумен жабдықтау тарифтері 300%-ға өсетіні туралы ақпарат жарияланған болатын.

Руханият • 14 Қазан, 2020

Арманы асқақ Асылбек

Тағдыр тәлкегіне қасқая тұрып, жігері мұқалмаған қаскелеңдік Асылбек Жалдыбаевтың басынан кешкендері көптің көкейіне өмірдің қаншалықты қымбат екенін ұқтыратындай. Неге дейсіздер ғой? Өйткені ол мүмкіндігі шектеулі бола тұра, «мүмкін» болатын талай игілікті істерді ілгерілетіп жүрген қайсар жігіттердің бірі.

Қоғам • 14 Қазан, 2020

Әлеуметтік азық-түлік шығыстары қысқарады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыру халықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу шы­ғын­дарын 10-15%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік бере­тінін мәлім­деді.

Қоғам • 14 Қазан, 2020

1,8 трлн-нан астам теңгеге зейнетақы төленді

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 576,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 285,4 млрд теңге бағытталды.

Экология • 14 Қазан, 2020

Жол картасы – экологиялық ахуалды жақсарту құралы

Жол картасы аймақтардағы экологиялық ахуалды жақсартудың нақты, жүзеге асатын құралы болуы тиіс. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қос­танай­лық қоғам белсенділерімен кездесу барысында осылай деді.

Пікір • 14 Қазан, 2020

Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауын ұлттың жаңа болмысы мәселесімен қорытындылағаны кездейсоқ емес. Өйткені ел тағдыры үшін аса қажетті осынау маңызды құжаттың алғашқы тарауларында қарастырылған салалардың шын мәнінде орындалуы түптеп келгенде осыған тікелей байланысты. Оған біздің өткен тарихымыз дәлел бола алады.

Әлем • 14 Қазан, 2020

Еуропаның сыртқы саясаттағы ұстанымы

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. Принстон университетінің биотехника профессоры Питер Сингер өзінің мақаласында Жер-жаһанды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күресу үшін локдаун енгізу қажет пе, жоқ па деген мәселеге назар аударады. Автордың айтуынша, локдаунның әсерінен індетті біршама ауыздықтауға мүмкіндік туды. Алайда табысы төмен отбасылар бірқатар қиындыққа тап келді. Питер Сингер пандемиямен күресті әлі де жетілдіре түсу қажеттігіне тоқталады. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропалық кеңестің директоры Марк Леонард халықаралық саясат туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, қазіргі таңда Еуропалық одақ үлкен таңдаудың алдында тұр. Бір жағынан, Трансатланттық келісімді сақтап қалу мақсатында АҚШ билігінің ығына жығылуды немесе өңірлік қауіпсіздікті сақтау үшін өз мүддесіне беріктік танытуды таңдауы тиіс. М.Леонард қазіргі таңда әлем еуроцентристік көзқарастан бас тартқанын айтады. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуроцентристік көзқарасты сынағаны, оның қазіргі заманғы қажеттіліктерге жауап бермейтінін айтқаны еске түседі. Мұны мақала авторы да мойындайды.  

Технология • 14 Қазан, 2020

Тауар тасымалдаушы ілеспе құжаттарды үйден-ақ ресімдей алады

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ре­сімдеу жөніндегі қанатқақты жоба 2020 жылғы 1 қарашадан бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мем­лекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Пікір • 14 Қазан, 2020

Заман талабына сай қадам

Әлемді жайлаған пандемия біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Соның салдарынан сақтық шараларының алдын алу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде барлық көпшілік шараларға тыйым салынды. Оның ішінде Жеңістің 75 жылдығы да бар.