Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21640 материал табылды

Әлем • 14 Қазан, 2020

Локдаун керек пе, жоқ па?

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына екі мақала ұсынып отырмыз. Принстон университетінің биотехника профессоры Питер Сингер өзінің мақаласында Жер-жаһанды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күресу үшін локдаун енгізу қажет пе, жоқ па деген мәселеге назар аударады. Автордың айтуынша, локдаунның әсерінен індетті біршама ауыздықтауға мүмкіндік туды. Алайда табысы төмен отбасылар бірқатар қиындыққа тап келді. Питер Сингер пандемиямен күресті әлі де жетілдіре түсу қажеттігіне тоқталады. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропалық кеңестің директоры Марк Леонард халықаралық саясат туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, қазіргі таңда Еуропалық одақ үлкен таңдаудың алдында тұр. Бір жағынан, Трансатланттық келісімді сақтап қалу мақсатында АҚШ билігінің ығына жығылуды немесе өңірлік қауіпсіздікті сақтау үшін өз мүддесіне беріктік танытуды таңдауы тиіс. М.Леонард қазіргі таңда әлем еуроцентристік көзқарастан бас тартқанын айтады. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуроцентристік көзқарасты сынағаны, оның қазіргі заманғы қажеттіліктерге жауап бермейтінін айтқаны еске түседі. Мұны мақала авторы да мойындайды.  

Қазақстан • 14 Қазан, 2020

Тұяқты жануарлар мекені

Бұл жануарлардың «тұяқтылар» аталуы аяғының табаны қалың тұяқпен қапталғандығымен түсіндіріледі. Тұяқтылардың негізгі қорегі – шөптесін өсімдіктер. Сондықтан да бұл жануарлар тауда шөптесін өсімдіктер мол өсетін жерлерді мекен етеді. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тұяқты жануарлардан арқар, бұлан, марал, елік, қабан кездеседі.

Елорда • 13 Қазан, 2020

Елордада әлеуметтік пәтерлер берілді

Нұр-Сұлтанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрған 900-ден астам салымшы көптен күткен пәтерлерін алды. Биыл жеңілдетілген тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артты, деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 13 Қазан, 2020

Музейге сый жасады

Үш мыңнан аса жәдігері бар Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейіне келушілердің саны жылдан-жылға арта түсуде. Жақында мұражай жәдігерлері тағы да толыға түсті. Музейімізге көпбалалы ана, ардақты әже Зәтекүл Молдабаева арнайы келіп, өзі қолданған бірнеше бұйымды табыстады.

Білім • 13 Қазан, 2020

77 оқулық қазақшаға аударылды

Гуманитарлық бағыттар бо­йын­ша әлемнің үздік уни­вер­­ситеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басы­лып шығарылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орын­дарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқу­лық­ты басып шығару және та­рату бойынша жұмыстар жал­ға­сып жатыр.

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Сақтық өзіміз үшін қажет

Бүгінде бүкіл адамзатты толғандырып, әлемді дүрліктірген пандемия өмі­рі­мізді өзгертіп жіберді. Тіпті көптеген дамыған, алдыңғы қатардағы мем­­лекеттер экономикалық-әлеуметтік дағдарысқа ілікті. Соның салда­ры­нан ел-жұрт әлі де қалыпты тіршілік ауанында өмір сүре алмай келеді. Қауіп аздап болса да сейілгенімен, халықта қорқыныш, үрей басым. Өйткені Еуропа мен Америка құрлығында індеттің екінші толқыны күн санап мыңдаған адамды ауруға шалдықтырып, көптеген жан көз жұмуда.

Қоғам • 13 Қазан, 2020

Аңшылықтың әдебі мен әлегі

Ел арасында аң аулауға, браконьерлік іс-әрекеттерге қатысты, оның шариғи үкіміне байланысты түрлі сұрақтар мен пікірлер бар. Аңшылықты қолдайтын топ оған шариғатта рұқсат берілгенін алға тартса, екінші тарап «оған ешқандай қажеттілік жоқ, қазір аш қалып, аң аулап, тіршілік кешкен заман емес», деген пікір білдіруде. Әрине, әр адам бір мәселеге бірнеше ракурстан қарайды. Бұл – заңды құбылыс.

Президент • 13 Қазан, 2020

Президент әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав «2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руханият • 13 Қазан, 2020

Қазақы рухтың жанашыры!

Өмір қай заманда болса да күрделі. Қырғын соғыссыз-ақ, жымыңдасып, күлісіп, арқадан қағысып, бір ұлтты бір ұлт қақалмай-ақ жұтып қойып жатқан мына уақытта өмірдің күрделілігі тіпті шығандап кеткен. Қай халықтың болмасын естияр азаматы елімнің ұлттық кейпін, ішкі реңін қалай сақтаймын деп жанталасқан тұс. Осы алмағайып тұста БАҚ-тың қай-қайсысы болмасын өз халқымыздың ұлттық мәйегін өскелең ұрпаққа сіңіре білсе екен, болашағына бағдар бере білсе екен деп тілейсің.

Сұхбат • 13 Қазан, 2020

Би өнері биікке ұмтылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театры өткен айда кезекті XIII маусымын жастарға арналған «Уақыт-Өмір» философиялық, хореографиялық спектаклімен ашты. Онлайн форматта өткен жаңа маусымдағы қойылым – театр репертуарындағы алғаш­қы музыкалық туынды. Мұнда ән мен би қатар орында­ла­тын­дықтан, жобаны театр әртіс­терінің сахнадағы тағы бір тың ізденісі деуге толық негіз бар. Замандастардың бүгінгі тыныс-тіршілігі бейнеленген заманауи сипаттағы философиялық ойға құрылған спектакльдің қоюшы-хореографы, бүгінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында кәсіби біліктілігін жетілдіріп жүр­ген жас маман Светлана ДОМИНСКАЯ музыка мен пластиканың өзара үйлесімді үндестігінен туған сахналық қойылымның тәрбиелік мәні мен мұнан басқа да сан-сапат ерекшелігін тілге тиек етті.