Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21640 материал табылды

Пікір • 09 Қазан, 2020

Аманатқа адал болу – әр қазақтың парызы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Абайдың мұрасына оқтын-оқтын оралып келіп, үнемі өз пікірін, ой-толғамдарын білдіріп отырады. Ол кісінің ең үлкен ерлігі – Абайдың 150 жылдығында мықты баяндама жасағандығы дер едім. Кейіннен тағы да бірнеше дүние жазғаны бар. Үзбей оқып отырамын. ««Egemen Qazaqstan» газеті бетінде жарияланған «Абай аманаты» мақаласы да сол ой-пайымдарының жалғасы болса керек.

Қоғам • 09 Қазан, 2020

Иммунитетті сақтаудың жолдары

Қазір көпшілікті алаңдатып отырған пандемия кезінде иммунитет, антидене жайлы әңгіме көп айтылады. Мамандар иммунитеті жоғары адам көптеген жұқпалы аурулардан жақсы қорғанады деп жатады. Сол иммунитет дегеніміз не?

Білім • 09 Қазан, 2020

7 мыңнан астам мектеп психологі мен әдіскері біліктілігін арттырды

Балалар арасында интернетке тәуелділікті анықтау және онымен күрес жолдарын ұсыну мақсатында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе мектеп психологтері мен әдіскерлеріне арнап оқыту семинарын өткізді. Аталған шараға еліміздің 17 аймағынан барлығы 7 647 мектеп психологі мен әдіскері қатысып, аталған бағыт бойынша біліктіліктерін арттырды.

Білім • 09 Қазан, 2020

Үлгерімі төмен оқушыны қалай үйретуге болады?

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» дейді Елбасы Н.Назарбаев. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені ретінде айқындалған. Әлемдік деңгейге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияны отандық педогогтер өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда.

Руханият • 09 Қазан, 2020

Қазақтың Қажыбайы

«Барлық адам баласының түпкі атасы Адам ғалейһи-с-саламнан бастап, Алла Тағала қанша пайғамбар жіберсе, сол пайғамбарлардың өмір сүріп, халықты Ислам дініне шақырған, Аллаға намаз оқып, құлшылық істеудің тарихи орыны болғандықтан және де мүмкіндік болып та, шамасы келген адамға Қағбатоллаға өмірінде бір қабат барып, оны қажы күнінде тауаф етіп, жеті қабат айналу фарыз болғандықтан, бірнеше жылдардан бері қарай баруға құмар болып жүруші едім. Сол талаппенен үстіміздегі 1961 жылы, януар айында Мүфти қазіретке – Қазақстан қазиына арыз бердім. Сол берген арызым қабылданып, 11-май күні Алма-Атадағы Қази Ғылманұлынан «14-майда Мәскеуде болыңыз, қажыға барасыз» деген телеграмма келді. 13-майда қажы сапарына сенбі күні кешкі сағат сегізде Қарағанды аэропортына келдік...»

Ең қысқа әңгіме • 09 Қазан, 2020

Кока-кола

Құдалыққа үш қарт қосылды. Оларды қарсы құдалар Алатаудың баурайында күтетін болыпты. Терең шатқалдар, сарқырап аққан бұлақ. Көкмайса шалғын. Аспанмен таласқан шынар.

Әдебиет • 09 Қазан, 2020

Миссия

Адам – Құдай жасаған шедевр деседі. «Сонда жазушыға не қалды?» деген сұрақ туады. Сюжеттің бәрі о баста жасалып қойған болса, жазушыға не қалды? Жазушыға қалғаны бір-ақ нәрсе: ортақ сюжеттен ауытқып, кейіпкер бойында рухани сілкініс тудыру! Жазушы ол миссиясын орындап болды да, екі алақанын бір ысқылап алып, енді биліктің ұшарбасы туралы жаңа бір шығармасын жазуға кірісті.

Саясат • 09 Қазан, 2020

Бішкектегі бей-берекетсіздік

Қырғызстанда сайлау нәтижелеріне келіспеушіліктен туған саяси наразылық тағы да жаппай бей-берекетсіздік пен заңсыздықтарға ұласуы арқылы тұтас елді әлеуметтік-экономикалық құрдымға әкелетін аса қауіпті сипат алғандай. Ағайын елдің аумағында болып жатқан, ешқандай демократияның аясына сыймайтын әрекеттердің барысы еріксіз осындай ойға жетелейді. Қазір билік нақты кімнің қолында екенін де, президент Сооронбай Жээнбековтің қайда жүргенін де ешкім білмейді. Бірнеше тарап өздерін уақытша билік деп жариялап үлгерді. Шерудің алғашқы күндері демонстранттар президент резиденциясына баса-көктеп кіріп, кен орындарын басып алған-ды. Кейінірек еріктілерден құрылған топтар мемлекеттік мүліктің одан әрі тоналмауы үшін оларды қорғауға көшті. Осылайша, демократияның ұшқыны ретінде басталған қозғалыс бүгінде анархияға айналып барады.

Пікір • 09 Қазан, 2020

Хакім рухына тағзым

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай аманаты» атты мақаласының мемуарлық, филосо­фия­лық, тарихи-саяси мәні өте тереңде жатыр. Абай шығармасына көп көңіл бөле­тін­дігін Елбасының мына сөздерінен анық аңғаруға болады. 2012 жылы Түркістан қаласында өткен жиында Тұңғыш Президент: «Біздің діни-идеоло­гиялық та­нымымыз – Ясауи, гуманистік көзқарасымыз – Абай, патриоттық тәрбие­міз – Б.Момышұлы шығармашылығына негізделуі керек» деп нақты айтқан болатын.

Технология • 09 Қазан, 2020

«Гибридті» сүзгілер атмосфераны ластауға жол бермейді

«Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауы­ты­ның №1 жентектеу пе­шін­дегі екі электр сүзгіні қай­та құру қамындағы біре­гей экологиялық жобаның ал­ғаш­қы кезеңі мәреге жетті. Өнер­кә­сіптік шығарындыларды шаң­нан тазар­тудың ең заманауи жүйесімен жабдықталған қон­дырғы номиналды қуатқа шығарылды.