Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
1820 материал табылды

Таным • 22 Тамыз, 2023

«Мұғалжар» атауы туралы

Қазақ жеріндегі қашаннан киелі саналған орынның бірі – Мұғалжар тауларының ежелгі тарихы, құрылымы, геологиялық, геофизикалық сипаты қысқа дерекпен баяндалған мақала «Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 20 наурыздағы санында «Мұң торлаған Мұғалжар» деген тақырыппен жарияланған еді. Ол мұң – киелі жерге жанашырлық иеліктің жоқтығынан оның асты-үсті табиғи игілігін пайдаланудағы вандализмге қатысты мұң болатын.

Таным • 22 Тамыз, 2023

Біз кімбіз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың I отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық тарихымызды жаңадан дұрыс жүйеге келтіріп, қайта жазып шығу жөнінде тапсырма бергені мәлім. «Тарихымыз жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек», деген еді басқосуда Президент. Жөн-ақ. Бірақ Абай хакімнің «Адамның адамшылығы істі бастағаннан білінеді, қалайша бітіргенінен емес» дегенін ескерсек, ұлттық атауымыздың этимологиясын әлі күнге дейін кім көрінген өзінше бұрмалап жатқанда, тарих бұлағымыздың қайнар көзі тағы да ашылмай қала ма деген қауіп жоқ емес. Шындығында, біз өзі кімбіз?

Руханият • 21 Тамыз, 2023

Бармасаң, келмесең...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда шетелдегі қазақтармен рухани байланысымызды дамыту басты мәселе екенін, бұл мемлекеттік бақылауда болатынын атап өткен еді. Осы орайда елімізде ғана емес, қиыр шетте де қаншама игі іс атқарып жүрген «Отандастар қоры» Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайын өткізіп қайтты.

Тарих • 21 Тамыз, 2023

Өлеңі мен өнері – ескерткіш

Азапты тағдырдың уын жұтып, сағыныштың запыранынан сарғайып, қорлықтың салмағынан көз жұмған Ақсұлу Орысбайқызының өмір жолынан қалың оқырман әлі де бейхабар. Қамшының сабындай қысқа ғұмырының ішінде ақын қыз соңына көп мұра қалдырған. Соның ішінде хатқа түскен туындылары бір төбе болса, айтыс өлеңдері бір төбе.

Таным • 21 Тамыз, 2023

Бие сүтінің шипалық қасиетін зерделеген

Бие сүтінің ерекше емдік қасиеті адамзатқа ежелден белгілі. Көшпелілер ертеден жаңа сауылған бие сүтін «саумал» деп атаған. Байтақ даланың сиқырлы сусыны туралы мәліметтер алғаш рет ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (б.з.д. 484-424 ж.) жазбаларында кездеседі.

Әдебиет • 21 Тамыз, 2023

Соқпағы соны суреткер

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ әдебиетінде ерекше буын берік орнықты. Ерекше болатыны бұларға дейінгі қаламгердің барлығы ғасырдың бірінші жартысындағы төңкерістерді, қырғын соғыстарды, ашаршылықтар мен саяси қуғын-сүргіндерді тікелей басынан өткізгендер еді. Ата буынды айтпағанда, әдебиетке қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші жылдары келген ең тете буын Бауыржан Момышұлы, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тахауи Ахтановтардың жасында көргенімен салыстыруға келмейтін еді бұлардың өмірбаянын.

Пікір • 18 Тамыз, 2023

Жауапкершіліктің межесі мен мекені

Шекара шебі – бір бөлек тылсым дүние. Алайда уақыт озған сайын шекараға төнген қауіп пен қатердің де келбеті де өзгерді. Көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан технологиялармен қатар шекара кеңістігіндегі заң бұзушылық та мың құбылды. Ұлы дала батырларының бүгінгі ізбасарлары – шекарашылардың мойнына артылған жүк әсте жеңіл емес.

Тәрбие • 18 Тамыз, 2023

Дұрыс қанаттанған түзу ұшар

Әлемдік қауымдастықта орнымыздың айшықты болуы ұлтымыздың за­­­­­­­ма­­науи талаптарға жауап беретін сапасына тікелей қатысты. Ұлтымыздың жаңаша болмысының қалыптасуында білім мен тәрбиенің орны ерекше. Бұл бағыттағы жұмыс нәтижесі отбасы, білім мекемелері және жұртшылықтың өзара үйлесімді жұмыстарының тиімділігімен өлшенеді.

Тұлға • 17 Тамыз, 2023

Кәкішев және ҚазМУ

Кешегі ҚазМУ, бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Тұрсекең – Тұрсынбек Кәкішев өмір бойы «Біздің ҚазМУ» деумен өтті. ҚазМУ-ына ешқандай оқу орнын теңгермейтінін ашық айтты да, жазды да.

Қоғам • 16 Тамыз, 2023

Менмендік стихиясы

Мына өмірде адамдар арасында мейірімділік, бауырмалдық, қарапайымдылық, жанашырлық, бір-бірін қолдау деген азайып, бұлыңғырланып бара жатқандай. Олардың орындарын менмен, өзімбілгіш, тәкаппар, қатігез, дүние қуған, тек пайда тауып, ақша жинауды мақсат еткен тойымсыз жандар басып бара жатқандай сезімде боламын. Неге бұлай болды? Қазіргі қоғам адамзатты қайда алып барар екен?