Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Технология • 20 Желтоқсан, 2020

Жаңа сервис іске қосылды

Еліміздің Сауда министрлігінде Derekhub.kz арқылы шешім әзірленді. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағаларын және бағаны заңсыз көтеру жағдайларын бақылауға көмектеседі.

Оқиға • 20 Желтоқсан, 2020

Сұйытылған мұнай газын бөлуде кедергілер бар

Жуырда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Энергетика министрлігінің квоталау негізіндегі сұйытылған мұнай газын бөлу жүйесі талқыланды.

Пікір • 20 Желтоқсан, 2020

Өзгерістер кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні қар­саңында өткен Мемлекеттік на­градалар тапсыру рәсімінде елі­міздің кешегісі мен бүгінін, кемел келешегін ой сүзгісінен өткізіп, орамды ойын ортаға салды. Қазақ­станның бағындырған биігі мен жет­кен жетістігін бағамдап, алдағы жылдары атқарылатын ауқымды жұмыстарды айқындап берді.

Пікір • 20 Желтоқсан, 2020

Әлеуметтің әлеуеті күшейеді

Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатыр. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты миссиясы әлеуметтік әділеттілік және халықтың әл-ауқатын арттыру болып отыр. Мемлекет басшысы бұл ойын Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген сөзінде тағы бір нақтылап айтып, іс жүзінде қолға алынып жатқан ілкімді жұмыстарға тоқталды. Яғни әлеуметтік мәселелердің оң шешілуімен қоғамдағы әділеттілік сипатталады. Мұның бәрі Президент әуелден басты ұстанымы деп санайтын әділдіктің қағидаттарына сая­ды.

Пікір • 20 Желтоқсан, 2020

Қоғам бірлігі – баға жетпес байлық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты ой-толғамдарын айтып, экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, пандемиямен күрес мәселелеріне қатысты атқарылатын іс-шараларға тоқталған болатын. Соған орай ел азаматтарынан редакциямызға келіп түскен пікірлерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Президент • 20 Желтоқсан, 2020

Басты міндет – вакцинаның кең көлемдегі қолжетімділігін қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президент • 20 Желтоқсан, 2020

Мерекелік лебіздер легі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Экономика • 19 Желтоқсан, 2020

Карантин қостанайлық кәсіпкерлерге қалай әсер етті?

Әлемді жаулаған індет Қазақстанның ірі кәсіпорындарымен қатар, шағын және орта бизнеске де кері әсер етті. Карантин жағдайында көптеген бизнес нысандары қызметін тоқтатып, жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жіберуге немесе қысқартуға мәжбүр болып отыр. Мәселен шілде айында Қостанай облысында тіркелген 53 мыңға жуық орта және шағын бизнес субъектілері бірден 4%-ке қысқарса, 1 қазандағы дерек бойынша 3 716 кәсіпорын жабылып, кәсіпкерлер саны 6,7%-ке азайған. Солардың қатарында облыс тұрғындары арасында өте танымал болған «Хоттабыч» дүкендер желісі де бар. 2004 жылы жеке кәсіп ашып, тұрмыстық техника саудасымен айналыса бастаған қостанайлық кәсіпкер Е.В. Ермакова каратантин кезінде шығынға ұшырап, бизнесін жабуға мәжбүр болды.

Кино • 18 Желтоқсан, 2020

Болашақтықтар қазақ тілін қолдау үшін жүйелі жұмыс істеуде – Бауыржан Байбек

«Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек қазақ тілінде дубляждалған «Мулан» фильмінің Алматы қаласында өткен премьерасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2020

Дәрі-дәрмекті сақтау – өзекті мәселе

Өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық жолда оңтайлы температуралық режимді қамтамасыз ету жүйесі «салқындату тізбегі» деп аталады. Фармацевтикалық препараттардың барынша қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сақтау үшін логистика мен сақтауды мониторингтеудің ұтымды тәсілі қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселе.