Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Пікір • 16 Желтоқсан, 2020

Басты құндылық – халқымыздың ауызбіршілігі

71 жылдық ғұмырымның 53 жылын ауыл шаруашылығына арнадым. Оның ішінде 39 жыл бойы бір шаруа қожалықта табан аудармай директорлық қызметті атқаруға мүмкіндік алдым. Бұл біраз нәрсені аңғартады.

Оқиға • 16 Желтоқсан, 2020

Қабырғалы орталықтың қуанышы

Теміртауда тұратын Қуаныш Тыныбек есімді азаматты Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы десе де болады. Алтайдың арғы жағында 1991 жылдың 27 желтоқсанында дүниеге келгенінде, атамекеннен алыстағы ата-анасы тарих сахнасында тұсауы жаңадан ғана кесілген егемен елдің құрметіне деп есімін ырымдап Қуаныш қойған екен...

Ең қысқа әңгіме • 16 Желтоқсан, 2020

Мен саған ризамын, «Егемен Қазақстан»!

Халқымыз бас басылым ел газеті деп атайтын «Егемен Қазақстан» менің рухани жансерігіме айналғалы қашан. Алматы облысы, Қаратал аудандық «Коммунизм жолы» – «Путь к коммунизму» газетіне тілші болып қабылданған 1964 жылдан бері оқып келе жатырмын. Зейнет жасында да қол үзе алмадым. Сонан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Мамандығым журналист болғандықтан ба, әйтеуір аға басылымға әбден бауыр басып кетіппін. «Газеттің өзі бір күндік, сөзі мың жылдық» дейміз-ау. Шынында да газет сөзі – тасқа басылған тарих екені рас. Ал оқырманға ықпалы ше? Оны немен өлшейміз? Сөздің киесі де бар, иесі де бар ғой. Газеттің кейбір мақаласы өз оқырманының тағдырын өзгерте алады дегенге сенесіз бе? Сенбесеңіз менің басымнан өткен үш тосын оқиғаны айтайын.

Пікір • 16 Желтоқсан, 2020

Өрлеу жылдарында өрілген шежіре

Өмір салтымыздағы, қоғамдық санадағы сілкініс пен жаңа құнды­лықтарға деген ұмтылыс тәуелсіздік жылдарында ерекше байқалды, сондай-ақ еліміздің интеллектуалдық іргетасы да аралықта қаланды. Бұл туралы тарихи деректер Президент Архивінің құжат қоймаларында сақтаулы.

Руханият • 16 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіз Қазақстанға тәуелді болайық

Мен он сегіз жылдан бері зейнет демалысындамын, бұл әрине аз уақыт емес. Он сегіз жыл бұрын дүниеге келген ұлдарымыз бүгін ер жетті, қыздарымыз бой жетті. Бүгінде өзім ыңқыл-сыңқыл­мен сексеннің сеңгіріне шығып, бейбіт заманда мемлекет қамқорымен күн кешіп жатырмын.

Елбасы • 16 Желтоқсан, 2020

Елбасынан сұхбат алған сәт

Еліміз егемендікке қадам басқан тұста Елбасының қолдауымен шетелде аккредитациядан өтіп, Түркия Республикасындағы қазақ тілшісі атандым. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған сәтте Елбасыдан ең бірінші болып қазақ теледидарына (ол кезде республикада бір ғана телеарна еді) сұхбат алу бақыты маған бұйырды.

Пікір • 16 Желтоқсан, 2020

Отандық медицинаға оң өзгерістер енді

Тәуелсіздік күні – біз үшін әрқашан тұғыры биік, мәртебесі жоғары мереке. Ата-бабаларымыз армандаған мақсатқа біз жетіп отырмыз. Осы жылдар арасында мемлекетіміз жаңадан бой көтеріп, түрлі салада жетістіктерге жетіп отыр.

Президент • 16 Желтоқсан, 2020

Текті азамат, тегеурінді тұлға, сұңғыла саясаткер

Еліміздің зиялы жұртшы­лығына, әсіресе ақындар мен жазушылар қауымына Қасым-Жомарт Тоқаев есімі ертеден таныс. Оның өзіндік себебі де бар-ды: Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­ның әкесі – Кемел Тоқаев есімі елімізге кеңінен та­ныл­ған көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған дарынды қаламгер еді. Детектив жанры – ол заманда қазақ оқырманы үшін зәру тақырып, тартымды әдебиет, сондықтан да Кемел ағамыздың кітап­тары қолдан-қолға түспей оқылатын.

Руханият • 16 Желтоқсан, 2020

Жігері жасымаған Жұмагүл

1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына беймәлім Г.Колбин сайланғаны белгілі. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды.

Тарих • 16 Желтоқсан, 2020

«Литер» белгісімен келген сурет еді

Әр жылдың ызғарлы желтоқсанының 16-сы мен жаз жайнатып, күн күлдірген маусым айының 16-сы... Осы екі күннің менің санамды әр кез «селк» еткізіп бір сілкіп қоятын жайы бар. Арада 34 жыл өтсе де, ол күндер еш ұмытылмайды екен.