Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Оқиға • 30 Қыркүйек, 2020

Интернационалмен қоштасатын кез келді

Жуырда «Егеменде» Петропавл қаласында әлі күнге Интернационал көшесінің бар екендігі, бірақ қазақ халқының ұлттық көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және тағы басқа Алаш ардақтыларының атында бірде-бір көше жоқ екендігі жазылды («Egemen Qazaqstan», «Петропавл Интернационалды ұлықтап отыр. Неге?», 23.09.2020 ж).

Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020

Мемлекетшіл азаматтарды қолдай білейік

Ол қатардағы дәрігерден Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына дейінгі жолдан өтті. Медицина саласында адал еңбек етіп келеді. «Кәсіптің ең жақсысын таңдағаныма еш өкінбеймін, өмірім­нің соңына дейін оған адал болып қала беремін» деген сөзінен-ақ көп нәрсені аңғаруға болатындай. Отандық медицинаның танымал майталмандарының шәкірті болғанын мақтан ететін бұл азамат медицина саласындағы ең негізгі қағидатқа сай жан баласына зиянын тигізуді қаламайды. Ол – Ақжайық өңіріне танымал азамат, әріптесіміз Қамидолла Ирменов.

Әлем • 30 Қыркүйек, 2020

Көпжақтылыққа оралу

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына БҰҰ Бас хатшысы лауазымын атқарған Пан Ги Мунның «Көпжақтылыққа оралу» атты мақаласын ұсынып отырмыз. Аталған мақала Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері ұстанып келе жатқан көпвекторлы саясатпен үндеседі. Еліміз басымдық беретін мұндай бағыт бүгінгі таңда өзекті екені анық. Өйткені Таяу Шығыс, Балқан түбегі секілді даулы жерлердегі дағдарыстар тек көпжақты келісім арқылы шешіледі. Қазақстан әлемде қауіпсіздік пен тыныштық орнатуға мүдделі екенін көптеген жаһандық бастамалары арқылы дәлелдеп келеді. Ал Үндістан үкіметінің экономикалық кеңесшісі Каушик Басу коронавирус дағдарысы кезінде экономиканы құлдыратпау туралы өзінің пікірімен бөліседі. Қазіргідей пандемия кезінде бұл да өзекті мәселе. Індетке байланысты қайта-қайта локдаун енгізе беру қиынға соғатыны айтпаса да түсінікті. Автор өз мақаласында «өгізді де өлтірмеудің, арбаны да сындырмаудың» тиімді тәсілін ұсынады.  

Әлем • 30 Қыркүйек, 2020

Ковидномика тұжырымы

ИТАКА. Академиялық салалар арасындағы шекара әдетте қолдан жасалады, оның себебі біздің мүмкіндігіміздің жетіспеуіне байланысты. Бірақ экономист Альберт Хиршман айтқандай, біз оны бұзуға мәжбүр болатын уақыт келеді. Қазіргідей COVID-19 індетіне қарсы күрес пен экономикалық дағдарыс – дәл сол дәуірге сай.

Пікір • 30 Қыркүйек, 2020

Мемлекеттік қызмет мұраты – әділдік

Мемлекет басшысының 1 қыркүйекте жария еткен «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы ауқымы жағынан да, алға қойған жоспарлы шаралар жағынан да ел дамуының жаңа кезеңі үшін маңызды құжат болып отыр.

Экономика • 30 Қыркүйек, 2020

Ел экономикасына серпін беретін ұлттық жоба

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауында: «Отандық ауыл шаруашылығын дамытпай, елімізде бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», деп баса айтты. Жолдауда отандық агроөнеркәсіп кешеніне ерекше көңіл бөлінуі ауылшаруашылық бағыттағы білім, ғылым саласы мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020

Пара беруші болмаса, алушы да болмайды

Мемлекет экономикасын тұралатуға және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге қауқарлы сыбайлас жемқорлық мәселелері – әлі де күн тәртібінен түспей келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керектігін айтты. Сондай-ақ Президент сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті.

Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

Техникалық қадағалау есебі автоматтандырылды

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қағаз құжат айналымын одан әрі түзету мүмкіндігінсіз тікелей жүйеде қажетті атқарушы техникалық құжаттарды қалыптастыру жолымен едәуір қысқарту күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 29 Қыркүйек, 2020

Аймақ мектептері абаттандырылды

Президенттің тапсырмасы бойынша ауыл мектептерін абаттандыру жұмыс­та­ры жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындап, жаңа оқу жылын ойдағыдай бастады. Президенттің ұсынысы бойынша облыстағы 200-ден астам ауыл мектебінде оқушылардың білім алуы үшін жағдай толық жасалып отыр.

Пікір • 29 Қыркүйек, 2020

Теңгерімді аумақтық даму өңірді өсіреді

Білім күнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасағаны белгілі. Осы жылғы Жолдауда іс-қимыл жоспарының 11 бағыты айқындалған. Атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі даму категориясымен тығыз байланысты.