Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Саясат • 30 Қыркүйек, 2020

Бүгін "Бірлік" саяси партиясының кезектен тыс V съезі өтті

Биылғы жылдың 30 қыркүйегінде өткен "Бірлік" партиясының кезектен тыс V съезіне 100 ден астам делегат қатысты, оның 85-і онлайн режимде видеобайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Экономика • 30 Қыркүйек, 2020

Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы қарызы 17 млрд теңге

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында жылыту маусымына дайындық туралы мәселе қаралды. Қабылданған шаралар туралы энергетика министрі Н. Ноғаев пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Өскеменде есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Өскемен полициясы астанадан келіп есірткі сатқан ерлі-зайыптыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Медицина • 30 Қыркүйек, 2020

Сирек кездесетін аурумен ауыратын балалар көмекке мұқтаж

Елімізде сирек кездесетін, генетикалық аурулармен ауыратын балалар мәселесі ешқашан қоғам назарынан тыс қалған емес. Атап айтқанда, азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен қоғамдық қорлар, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері орфандық аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемаларын көтеріп келеді.

Саясат • 30 Қыркүйек, 2020

Адалдық пен сенім бастауы – ашықтық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Экономика • 30 Қыркүйек, 2020

Инвестиция тарту бойынша кеңес өтті

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен инвестиция тарту бойынша апталық кеңес өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай • 30 Қыркүйек, 2020

Кемеңгер және сенім кеңістігі

Әлем өзгеріске бет бұрды. Төрткүл дүниені жайлаған тәжі індеті жай келмегенге ұқсайды және бұл өзгеру жылдам әрі өзгеше түрде өтетінін байқатты. Адам ата заманынан бері жұмыр жерді тек адамзат баласы ғана өзгертіп, еркін меңгеріп, басыбайлы билік жасап келе жатыр еді. Ендігі жерде адамның бұйрығы жүрмейтін және оған көнбейтін жаңа әлем туып келе жатқан сыңайлы. Қазақ тумысынан адамның тіршілігіне қауіп төндіретін дүниенің бәрін (апат, топан су, оба-індет, жұт, зұлмат, ашаршылық, нәубет, т.б) «жаман» деген сөзбен тұсаулай салатын еді, ендігі жерде 180-нен астам мемлекетті басып алып жатқан коронавирус пандемиясына қандай ат қойып, айдар тағар екен. Менменсіп, дандайсып, өзін қасиетті Жер-анадан жоғары көтеріп жіберген адам үшін бұл індет барша адамзатты тәубесіне келтіріп отыр.

Абай • 30 Қыркүйек, 2020

Ақылдың кені

Әрбір халықтың көш бастаушы, ақылгөй, даналары болған, мәселен, өзбектерде Әлишер Науаи, түрік­мен­дерде Мақтымқұлы, орыстарда Пушкин сияқты, қазақтарда Абай сондай бірегей тұлға болды. 

Руханият • 30 Қыркүйек, 2020

Терминология тезге түсуге тиіс

Термин о баста латын тіліндегі «terminus – шек, шекара» деген сөздерінен пайда болған. Энциклопедиядағы анықтама «Термин, атау ғылым, техника сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды да атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері». Сонда термин дегеніміз, ең алдымен, негізінен ғылым мен техника, технология саласында пайдаланылатын, қолданылатын арнайы лексика болып шығады. Оған қойылатын басты талап: дәлдік, нақтылық, жүйелілік, бір мағыналылық.

Технология • 30 Қыркүйек, 2020

Саңырауқұлақты қалдықсыз өндіруде

Қазақ отбасылары кәсіп ете бермейтін саңырақұлақ өсіруге Кентаудағы Гүлнәр Ниязованың отбасы маманданған. Олар «Samruk Kazyna trust» қорының «Әрекет» бағдарламасына қатысып, үш сатылы байқауынан жеңімпаз атанған. Сөйтіп, 2 млн теңгелік әлеуметтік-кәсіпкерлік грантына ие болды.