Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Пікір • 25 Қыркүйек, 2020

Ел дамуына серпін береді

Әрине, әр Жолдаудың өз жүгі, өз жауапкершілігі, мән-маңызы болады. Шын мәнінде Жолдау ел дамуына серпін береді. Ел дамуындағы басым бағыттарды айқындайды. Міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы елдің әл-ауқатын, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталып отыр.

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

Антикор жұртшылықпен өзара іс-қимылды нығайтуда

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында алдағы саяси реформалардың халықты ел басқаруға кеңінен тартуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік органдардың шешім қабылдаудағы ашықтығы – азаматтық қоғаммен сындарлы диалогты қамтамасыз етудің басты қыры.

Руханият • 24 Қыркүйек, 2020

Кіндік шеше һәм кісі мінезі

Тарихы терең, шежіресі сан тарапты халқымыздың дәстүрі мен үлгі-өнегесі мол. Халқымыздың әрбір ырым-тыйымы мен жөн-жоралғысының астарында мән-мағына бар. Себебі ол ғасырлардан тамыр тартқан тектік қасиетімізде жатыр. Солардың бірі – бүгінде ұмытыла бастаған «Кіндік шеше» ұғымы.

Кино • 24 Қыркүйек, 2020

Екі бірдей кинофестивальға қатысады

Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» атты жаңа көркем фильмнің әлемдік тұсаукесері Орталық және Шығыс Еуропаның ең беделді фестивальдарының бірі – 36-шы халық­аралық Варшава кинофестивалінің (WFF) негіз­гі байқауы шеңберінде өтеді. Бұл туралы кинотуын­дының креа­тив продюсері Юлия Ким хабарлады.

Руханият • 24 Қыркүйек, 2020

Абылай ханның қара жолы

«Абылай ханның қара жолы» кітабы жақында Көкшетау қала­сында «Мир печати» баспасынан 500 данамен басылып шықты.

Таным • 24 Қыркүйек, 2020

Алтын Орда тарихының беймәлім беттері

(Соңы. Басы 181-нөмірде)  

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

Тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеле бастады

Жыл басынан бері 1,2 млн-нан астам қазақстандық тұрғылықты жері бойынша электронды үкімет порталы арқы­лы тіркеуге тұрды, бұл ретте 699 мың қызмет алушы ХҚО-ға барып тіркелуді жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Рес­пуб­­ликасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметіне сұраныс екі есеге жуық өскені байқалады.

Технология • 24 Қыркүйек, 2020

«eSalyq mobile» мобильді қосымшасы өте ыңғайлы

Сіз электронды кезек талондарында QR-кодтың пайда болғанына назар аудардыңыз ба? QR-кодты енгізу кезінде сіз «eSalyq mobile» мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Технология • 24 Қыркүйек, 2020

Қашықтан оқытуға қандай платформа қолайлы?

Жоғары оқу орындарының ұстаздары қашықтан оқыту жүйесінде студенттің білім сапасы төмендейді деген пікірде. Болашақта үш әлемдік үрдіс қашықтан білім берудің дамуына әсер етеді. Біріншісі, гигономика (Джиг экономикасы) деп аталатын өсім. Бұл кәдімгі дәстүрлі жұмыстармен айналысқаннан гөрі, көп адамдар өздері үшін жұмыс істеуді жөн көретіндігінде. Екінші, жаһандық үрдіс қазіргі адамның жеке өзін-өзі тануға деген ұмтылысымен байланысты: әркім өзінің өмірінің мақсаты мен мағынасы болғанын қалайды.

Тарих • 24 Қыркүйек, 2020

Жазықсыз жазаланғандарды ақтайтыны қуантады

Менің атам «Алашордаға» мүше болған жан еді. Омбыда «Алашорда» қайраткерлері ашқан мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыпты. Бейнетқор ауданындағы бесінші ауылда мұғалім болған екен. Кейін алашордалықтардың бәрі қуғындалғанда біреудің көрсетуімен атам да ұсталып, айдауға кеткен. Әжемнің айтуына қарағанда, 10 жылға айдалған, бірақ содан атам оралмаған.