Қоғам • 12 Қараша, 2020
Газет нақты мекенжайға жеткізіледі
«Қазпошта» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалы «Egemen Qazaqstan» газетінің ағымдағы жылдың 4 қарашасында (№211) жарық көрген газеттің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Хамит Есамановтың «Пошта қызметіне көпшіліктің көңілі неге толмайды?» деген мақаласы бойынша төмендегіше жауап береді:
Руханият • 12 Қараша, 2020
Бұл кiсiні көрген сайын төбемiз көкке бiр елi жетпей қалатын. Бұл кiсiнi көрген сайын салтанатты, көркем күй кешетінбiз. Ол кісі баратын, қатысатын жердiң бәрiнен қалмауға тырысатынбыз. Тiптi елден бұрын барып отырған күндерiмiз көп.
Пікір • 12 Қараша, 2020
Химия өнеркәсібі ел экономикасын алға сүйрейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды» деп мәлімдеп, ұлттық экономикамызды алға сүйрейтін салаларға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы ең өзекті мәселелердің шешілу жолдарын көрсетті. Осы орайда, отандық химия өнеркәсібінің бүгінгі хал-ахуалы, түйткілді мәселелері, даму келешегі туралы ой-пікіріммен бөлісуді жөн көрдім.
Пікір • 12 Қараша, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойында мен Қазақстанның 225 мыңнан астам татарлары мен башқұрттарының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мемлекетіміздің дамуына қосқан және одан әрі де қосып келе жатқан зор үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.
Пікір • 12 Қараша, 2020
Тілдің болашағы – баршамыздың қолымызда
Дүниеге орыс болып келсем де, рухым қазақ деп білемін. Себебі көпұлтты Қазақстан елінің перзентімін. Жүзден аса ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатқан жердің топырағын басып, суын ішіп өстім. Бала кезден қазақ тілін жетік меңгеріп, бүгінде мемлекеттік қызметте еліміздің дамуына өз үлесімді қосып жүрген азаматтың бірімін.
Оқиға • 12 Қараша, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ҮНДЕУІ
Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған бейбітшілік пен келісімнің және бірлік саясатының жемісті жетістіктері мен толайым табыстарының жарқын көрінісі.
Тарих • 11 Қараша, 2020
Қазақ елінің азаттығы жолында жанкешті қызмет еткен, ұлтының болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен ұлт зиялыларының бірі Ғұмар Қараш. Ол XX ғасыр басында қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына дерлік белсене араласты. Оны сол тұста жарияланып тұрған «Қазақстан», «Ұран», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім» атты мерзімді басылымдар деректерінен анық көре аламыз. 1911-1913 жылдары Орда, Орал қалаларында Е.Бұйрынмен бірігіп «Қазақстан» газетін шығарды. 1911 жылы оның алғашқы екі саны Орда ауылында жарық көрді.
Әдебиет • 11 Қараша, 2020
Аба – жылқы терісінен тұтас тігілген жауын-шашыннан қорғайтын жамылғы киім. Аббар – суыт, үдере қозғалу. «Аббар көшіп, шет қонған, жау алдына бет қонған» (Шалкиіз жырау).
Сайлау • 11 Қараша, 2020
«Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы»
Екі мың жиырма бірінші жылғы оныншы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.
Абай • 11 Қараша, 2020
Көкше тұлғалары танымындағы Абай мұрасы
Жалғыз қазақ халқының ғана емес, тұтас адамзаттың мақтанышы Абай Құнанбайұлы шығармаларының құндылығы уақыт өткен сайын артып, ұлтымыз бен әлемнің абыройын асқақтата түскендей. Ақынның биылғы 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейге көтеріліп, онлайн режімде кең көлемде өткізіліп жатқаны мәлім. Абайды тану, оның мұрасын бүгінгі және болашақ ұрпаққа насихаттау – барша Қазақстан азаматының айрықша парызы.