Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

Қазақстанда экологиялық реформаларды кейінге қалдыруға себеп жоқ

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі ірі өнеркəсіп кəсіпорындарын «таза» технологияға көшіруге міндеттейтін жаңа Экологиялық кодекс жобасын қарауды жəне қабылдауды сұрайды. Бұл туралы Қазақстаннның Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Президент жанындағы Орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте мəлімдеді.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

QR-код арқылы авторизациялауды мемлекеттік порталдарға енгізу ұсынылды

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мемлекеттік органдарға QR-код арқылы авторизациялауды енгізу ұсынылды. Мемлекеттік органдардың порталында eGovmobile қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу бойынша авторизациялану азаматтарға ұсынылатын балама мүмкіндік болмақ.

Саясат • 15 Мамыр, 2020

Қазақстан-Моңғолия сарапшылары бейнеконференция форматында кездесу өткізді

Жиында сарапшылар осы жылдың екінші жартысында Ұлан-Батырда өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысына дайындық жұмыстарын талқылады.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Рұқсаты өткен қаруды 10 шілдеге дейін алып жүруге болады

Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтауға және алып жүруге мерзімді 10 шілдеге дейін ұзартуға болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

Әлеумет және еңбек: Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жалғасуда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жұмыс тобы Әлеуметтік және еңбек салалары бойынша қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталып, 2020 жылдың 19 мамырына дейін жалғасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 15 Мамыр, 2020

Желкенді спорттан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

Халықаралық желкенді спорт федерациясы 2020 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының өткізілмейтінін хабарлады.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

ҰҚК мемлекеттік шекарадан карантиндік кезеңіндегі өту тәртібін айтты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібін жариялады.

Елорда • 15 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанға кіруге және қаладан шығуға кімдерге рұқсат берілді

Елордадағы санитарлық блокпосттар жұмысының жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Биыл Қарағанды облысында 5100 тұрғын үй салынады

Қарағанды облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 509 мың шаршы метр немесе 5100 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қоғам • 15 Мамыр, 2020

73% қазақстандық отбасын өмірдің мәні ретінде көреді - Әлеуметтік зерттеу

15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні. Осыған байланысты Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру»  отбасы институтын зерттеу орталығы қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайын және дамуын зерттеу нәтижелерін жария етті.