Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21599 материал табылды

Технология • 12 Мамыр, 2020

Цифрландыру – уақыт талабы

Біз білетіндей алғашқы үш өнеркәсіптік революция механикаландыру, электрлендіру және ақпараттандырумен байланысты болды. Ал бүгінгі цифр­лы экономикаға барлық қызмет салалары енуде. Оның даму қарқыны күшті әрі тұрақты.

Таным • 12 Мамыр, 2020

Соғыс сомдаған суреткер

Аз ба, көп пе, қазақ әдебиетінде соғыс туралы біршама шығарма жазылды. Соғысты басынан өткергені бар, естігеніне ептілікпен сендіруге тырысқаны бар біраз қаламгер осы тақырып төңірегінде ақ қағазға қара сиямен майдан ашыпты. Бірі естелік жазса, бірі деректі, бірі көркем шығармаға құлаш ұрып дегендей әркім өз қолайына жаққан жанрда қалам ізін қалдырыпты. Шынын айтқанда көп шығарманың бағыты Кеңес әскерінің ерлігін баяндау болғанымен өзегі шынайы драмаға толы не бір көркем шығармалар да дүниеге келді. Оған аса ауыр тағдырының бұралаң жолы соғыс өрті тұтанған сәттен ғана емес, сонау ұжымдастырудың кесірлі кезеңінен басталған қалам иесінің соғыс тақырыбында жазылған шығармаларына тереңірек үңілгенде тағы да бір көз жеткізген едік. Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті», «Замандастар сыры» атты шығармалары жайында жазылған «Майдан тудырған сөз» атты мақаламызда оқырманға айрықша әсер ететін және тек соғыс майданында ғана көкейге оралар қадау-қадау ойларға тоқталып едік, бұл жолы оқушы назарын мың қатпарлы адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарының нағыз көркем әдебиетке тән біраз суреттеулеріне аудартқымыз келді.  

Саясат • 12 Мамыр, 2020

Қарым-қатынастың жаңа философиясы

Қазақстан Президенті пандемияға қатысты мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде халықтың жүріп-тұруына қатысты нұсқаулықтар беріп, қарым-қатынастың жаңа философиясын қалыптастыру мәселесін қозғады.

Қоғам • 12 Мамыр, 2020

Сақтық шараларын жалғастыра беру қажет

Сонымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесінде айтылған оқиға орын алды. Дәлірек айтсақ, 11 мамырда төтенше жағдай алынып тасталды. Алайда қоғамдық қауіпсіздік үшін карантин режіміне байланысты шараларды сақтау өте маңызды.

Парламент • 12 Мамыр, 2020

Әлі де абай болған дұрыс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режімі аяқталғанын хабарлады. Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысы жасалды.

Руханият • 12 Мамыр, 2020

Ел деп қызмет еткен ердің үлгісі

Жол жолға жалғасады. Әлімсақтан келе жатқан адамзаттың жолы бар. Бір сүрлеу өшеді, бір соқпақ өседі. Даңғыл, даңғайыр жолға айналады. Ел елге жалғасады. Әзелден келе жатқан адамзаттың елі мен жұрты бар. Бір жұрттар жоғалады, тарих бетінен сызылады, келесі бір ел күшейеді, қуатты, тегеурінді мемлекет құрады. Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды. Міне, елшілдік, мемлекетшілдік сана осы бір ұлы мұраттың жүгін құмырсқа белдей қайыспай көтере білуден туатын болса керек.

Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Жауынгердің денесі елімізге жеткізілді

1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті әскери бортпен елорда­ның авиациялық базасына жеткізілді.

Руханият • 12 Мамыр, 2020

Жаңажолдан шыққан батыр

Өзбекстан халқы да 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңіске лайықты үлес қосты. Соғыс басталған кезеңде Өзбекстанда 6,5 миллион адам болса, оның 1,5 миллионнан астамы соғысқа қатысқан. Олардың ішінде 604 мың 52 жан соғыстан мүгедек болып оралса, 450 мыңнан астамы майдан даласында мерт болған.

Президент • 12 Мамыр, 2020

Қ.Тоқаевтың ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады.

Экономика • 12 Мамыр, 2020

Бәйдібектіктердің бәсі басым

Елімізде ауылшаруашылық саласы еңбеккерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Осы қамқорлықты сезінген һәм өмір сүру деңгейін жақсарту, табысты өсіру жолындағы қолдауды барынша пайдаланған Бәйдібек ауданының еңбекшілері өткен жылды толағай табысымен аяқтады.