Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21599 материал табылды

Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Кеңес жауынгерлеріне құрмет көрсетілді

Хорватиялық Батина ауылында қазақстандық дипломаттар өздерінің ресейлік және әзербайжандық әріптестерімен бірлесіп, сондай-ақ Хорватия антифашистік ұйымдары өкілдерінің, ардагерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 1944 жылы Батин шайқасында қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 11 Мамыр, 2020

Коронавируспен күреске республикалық бюджеттен шамамен 150 млрд теңге бөлінді - Әлихан Смайылов

Коронавирусқа және әлемдік іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға Үкімет жалпы алғанда 5,9 трлн теңге бағытталды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 3,4 трлн теңге және бюджеттен тыс қаражат есебінен ‒ 2,5 трлн теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ‒ қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Үкімет • 11 Мамыр, 2020

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында 130-дан аса қызмет түріне қолдау көрсетіледі

Бүгінде ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді. 

Спорт • 11 Мамыр, 2020

«Сарыарқа» хоккей клубының құрамы жаңа қақпашымен толықты

Қақпашы Владимир Сохатский «Сарыарқа» хоккей клубының құрамын толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 11 Мамыр, 2020

Ақтөбеде 1 жасар сәби коронавирус жұқтырды

Ақтөбе облысында ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылғы балаға COVID-19 диагнозы қойылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.  

Парламент • 11 Мамыр, 2020

Мәулен Әшімбаев Сенат Бюросының отырысын өткізді

Отырыс барысында Сенат Төрағасы төтенше жағдай режимінен кейін елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы қалпына келтірудің кешенді жоспары іске асырылатынын атап өтті. Оны арнайы мемлекеттік комиссия әзірлейді. Өз кезегінде, Жоғарғы палата Президенттің экономиканы одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған стратегиясын заңнамалық тұрғыда сапалы әрі дер кезінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Мамыр, 2020

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау шаралары мен жеңілдіктері 3 айға ұзартылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдады. Қайта қарау мерзімі төтенше жағдайдан (бұдан әрі - ТЖ) бір ай бұрын және оның барысында (16 ақпаннан 10 мамырға дейін) орын алған және қайта тексеруден өтпеген мүгедектер үшін мүгедектік мерзімі автоматты түрде бұған дейін белгіленген қайта тексеру күнінен бастап 3 айға ұзартылады.  Сонымен бірге қайта тексеру мерзімі ақпан айына келген мүгедектерге ай толық есептеледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 11 Мамыр, 2020

Жапонияда «Нұр-Сұлтан» атты сакура сұрыпы шығарылды

Хоккайдо аралында Қазақстан астанасының құрметіне «Нұр-Сұлтан» деп аталатын сакураның жаңа сұрыпы гүлдеді. Жаңа сұрыпты Хоккайдо префектурасының Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 11 Мамыр, 2020

Қазақстан мен Германия энергия тиімділігі саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Dena» компаниясы Неміс энергетика агенттігінің Атқарушы директоры Кристина Хаверкамппен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 11 Мамыр, 2020

«Nur Otan» партиясы орталық аппаратының басшысы тағайындалды

«Nur Otan» партиясы орталық аппаратының басшысы болып Мәди Оспанов тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.