Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21599 материал табылды

Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Ертеңнен бастап қоғамдық көліктер жүреді

Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Макен мәлімдеді. 

Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда 70-тен астам субұрқақ жұмыс істеп тұр

Субұрқақтар маусымының жалпы қалалық ашылуы 1 мамырда өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Шектеу шаралары кезең-кезеңмен алынып тасталады - Е. Тоғжанов

Шектеу шаралары әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алынып тасталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы тамыз айына дейін төленеді — Е. Тоғжанов

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 11 Мамыр, 2020

Қазақстанда допинг тестілеу жұмысы жалғастырылады

Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығы ресми түрде спортшыларды тестілеуден өткізуды жаңартады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Өткізу-бақылау бекеттері алынған жоқ

Елорда әкімдігі жанындағы жедел штаб карантин режимі алынбағанын хабарлайды. Қалаға кіру шектелген. Елордаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарында жұмыс істейтін тұрғындар ғана кіре алады. Қызметкерлер тізімін Ақмола облысының әкімдері береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазақстан • 11 Мамыр, 2020

Қазақстанда 7 қаламен ішкі әуе рейстері қайта ашылады

Ел ішінде жүріп-тұру мүмкіндігі кеңейтілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің алаңында өткен брифинг барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Қазақстан • 11 Мамыр, 2020

Қазақстанда Биологиялық қауіпсіздік жөнінде ғылыми кеңес құрылады

Қазақстан Республикасының Үкіметінде өткен онлайн-брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі таңда елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жүйені нығайтуға, ғылыми зерттеулерді және фармацевтикалық өндірісті дамытуға қадамдар жасалып жатқанын айтты. Бұл орайда медициналық кадр әлеуетін арттыру, оларды қолдау мәселелері қарастырылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 11 Мамыр, 2020

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 1,1 миллионға жуық қазақстандық жұмыс орындарына оралды

20 сәуірден бастап шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау бойынша мемлекетте қабылданып жатқан шараларының арқасында 1,1 млн-ға жуық қазақстандық өздерінің жұмыс орындарына оралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте айтты.

Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Тұрғындардың еркін жүріп-тұруына қандай жағдайда рұқсат беріледі?

COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан асатын деңгейге жеткен жағдайда сақтық шараларын сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтар немесе бір отбасы мүшелеріне саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілері жоқ жағалауларға баруына рұқсат беріледі.