Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Медицина • 20 Сәуір, 2020

Дәрігерге басымды иемін

Иә, қазір бүкіл әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатыр. Бұл соғыстың сұрапылдығы сол – жау көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Қай тарихта да, қандай соғыс, қандай зұлмат шайқаста да, тіпті терроршылар болған шақтарда да ақ халат киген жандарға, қызыл кресті бар жедел-жәрдем машиналарына оқ атпаған. Себебі дәрігерлер өмір үшін күрескен қаһармандар, өлімге араша түскен асыл жандар еді. Ал бұл майданда, Ұлы айқастың алғы шебінде жүрген белгісіз соғыстың беймәлім батырлары – оқ сендерге де тиіпті... Қолыма қалам алуға осы себеп болды. Еріксіз Никита Михалков айтқан әңгімені есіме түсірдім. Бір дәрігер перзентханада таңғы 5-те жас әйелді босандырып жатса керек. Осы кезде сырттан бір хабаршы асып-сасып кіріп келеді. «Соғыс! Соғыс басталды!» деп бақырғанда әлгі дәрігер: «Шық оңбаған, кет әрі!» деп, жұмысын әрі қарай жалғастыра береді. Әлгі келіншек сонда ұл табады, атын Виктор, яғни Жеңіс деп қойыпты.

Саясат • 20 Сәуір, 2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №220 қаулысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ 2020 жылғы 17 сәуір №220 Нұр-Сұлтан қаласы, Үкімет үйі Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Президент • 19 Сәуір, 2020

Президент дәрігерлерге, полиция және әскери қызметшілерге алғыс айтты

Мемлекет басшысы дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтты. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.

Коронавирус • 19 Сәуір, 2020

1711 науқас: Алматы қаласында 2 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды

Қазақстандағы 2020 жылғы 19 сəуір сағат 23:10-дағы эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қ. – 6, Шымкент қ. –  5, Батыс Қазақстан облысында – 16, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Қызылорда облысында – 1,  Алматы облысында – 3, Түркістан облысында – 3.

Әлем • 19 Сәуір, 2020

Үндістанның Премьер-министрі Мемлекет басшысына жауап берді

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Twitter парақшасында Президент Қасым Жомарт Тоқаевқа жауап берді.  

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Атырау: Тегін дәрі-дәрмектер құны – 1.5 млрд теңге

Жыл басынан бері Атырау облысының медициналық мекемелеріне жеткізілген тегін дәрі-дәрмектер құны осынша соманы құрайды.  

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Атырау облысында індет жұқтырған 1 науқас қарқынды терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды

Атырау облысында COVID-19 вирусын жұқтырған 1 науқас қарқынды терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Атырау: 41 діни бірлестік онлайн жұмысқа көшті

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиевтің айтуынша, діни бірлестіктердің ғимараты халық көп шоғырланатын нысанға жатады.

Әлем • 19 Сәуір, 2020

Түркиялық әнші Ирфан Гюрдал «Біз біргеміз» әніне клип түсірді

Түркиялық әнші, композитор, түркі халықтарының музыкасын зерттеуші Ирфан Гюрдал «Біз біргеміз» әнін түрік тілінде орындап, өз үйінде клип түсірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Коронавирус • 19 Сәуір, 2020

1676 науқас: Атырау облысында тағы 1 адам індет жұқтырды

Қазақстандағы 2020 жылғы 19 сəуір сағат 17:20-дағы эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 1, Алматы қ. – 5, Қарағанды облысында – 3, Атырау облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Павлодар облысында – 4.