Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20688 материал табылды

Қазақстан • 14 Наурыз, 2020

Амалдан басталар әз Наурыз

Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген. Сондықтан болса керек, қазақта Наурыз бір күн емес, тұтас ай бойы тойланады. 14 нау­рыз – Амал, Көрісу күнінен басталған мейірім мейрамы айдың соңына дейін жалғасады. Әр сәтіне мағына сыйдырған көшпелі халықтың көнеден жеткен төл мерекесінің тұтас ұлттың ұстынын айқындаудағы мәні де, маңызы да зор.

Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ - ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелмегенін мәлімдеді. Елімізде шетелден келген 4 азаматтан вирус анықталғаны белгілі.  

Руханият • 14 Наурыз, 2020

Балалар басылымы «Ұланға» - 90 жыл

Ғасырға жуық тарихы бар отандық балалар басылымы дарынды, ұшқыр ойлы бірнеше буын жастарға тәрбие берді. Бүгін 14 наурыз - газеттің түңғыш жарық көрген күні. 

Әлем • 13 Наурыз, 2020

Анкарада Мағжан Жұмабаевтың шығармалары таныстырылды

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің және ЭкоЕуразия қауымдастығының ұйымдастыруымен «Түркістаннан Анадолуға Мағжан Жұмабай» атты жиын өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 13 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 адамға жетті. Ол азамат та Германиядан келген ұшақтың ішінде болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Қазақстан» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.

Коронавирус • 13 Наурыз, 2020

Елордада коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы белгілі болды

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифинг барысында айтты.

Спорт • 13 Наурыз, 2020

Рикардо Кака «Әлемнің үздік бапкері» марапатына үміткер атанды

«Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака «Әлемнің үздік жаттықтырушысы-2019» наградасына үміткерлердің қатарына енді, деп хабарлады Prosports.kz.

Қазақстан • 13 Наурыз, 2020

Қазақстан-Ресей шекарасынан ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды

COVID-2019 коронавирусының таралуына байланысты қазақстан-ресей, қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 13 Наурыз, 2020

Карантинге қарсылық білдіргендер инфекция жұқтырса, жауапқа тартылады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Карантинге қарсылық білдіргендер өзгелерге инфекция жұқтырса, жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Коронавирус • 13 Наурыз, 2020

Коронавирус: «Франкфурт-Алматы» рейсінде қай ел азаматтары болды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған жолаушы анықталған «Франкфурт-Алматы» рейсінде қай елдердің азаматтары болғанын айтты.