Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21589 материал табылды

Руханият • 04 Сәуір, 2020

«Карантиндегі жұлдыздар»: Бүгін Майра Мұхамедқызы онлайн концерт береді

Әсем әуен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны белгілі. Пандемия, карантин, мәдени өмірден оқшау қалу – мұның барлығы адамзат үшін үлкен стресс. Осы себептен бүгінгідей күрделі жағдайда «Қазақтелеком» АҚ Мәдениет және спорт министрлігімен бірге Қазақстан халқына эмоционалдық қолдау көрсету мақсатында Қазнет үшін «Карантиндегі жұлдыздар» бірегей жобасын ұсынады.Күнде кешкі уақытта сіздер талантты әншілерімізді тыңдап, керемет инструменталдық орындаушылық өнерін тамашалай аласыздар. Хабар онлайн режимінде өтеді, олай болса, әрбір қазақстандық сүйікті жұлдыздарын тыңдап, көріп қана қоймай, олармен тікелей эфирде тілдесе де алады.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Атырау: Медицина қызметкерлерін екінші рет қолдау

«NOMAD SYNERGY» ЖШС төтенше жағдай енгізілгелі бері  екінші рет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.  

Руханият • 04 Сәуір, 2020

Белгілі ақын Қорғанбек Аманжол дәрігерлерге арнап жырдан шашу шашты (видео)

Өмір, өмір, ардақты да бағалы, Адам шырқап, өмір әнін салады. Қорғау керек, қолдау керек өмірді, Өмір мәні мәңгібақи жоғары... - деп басталатын өлеңінде ақын Қорғанбек Аманжол дәрігерлердің өлшеусіз еңбегін бағалауға шақырады.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Атырау: 22 науқастың екеуінде пневмония бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атыраудағы №2 облыстық ауруханада корнавирус инфекциясымен  22 емделіп жатыр. Олардың төртеуі қауіпті індетті шет елдерден жұқтырғаны анықталған. Жеті науқас көршілес облыстардан жұқтырып келген. Атырауда тұратын 11 науқас ғана аталған инфекцияға ұшырап отыр.

Коронавирус • 04 Сәуір, 2020

COVID-19: Індет жұқтырғандар саны 525-ке жетті

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 525-ке жетті.  Қайтыс болғандар саны - 5: Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 1, Түркістан облысында – 1. 

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Атырау: Науқастармен байланыста болғандар коронавирус жұқтырған

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қауіпті індет жұқтырған екі адам бұған дейін анықталған науқастармен қарым-қатынас жасағандар тізімінде болған.

Әдебиет • 04 Сәуір, 2020

? (Сұрақ белгісі) Поэма

Қазақтың қабырғалы ақыны Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерін оқи бастағанда арқаның теңіздей толқып, тебіреніп жатқан ақселеулі даласы, сол даладағы көктем нөсері, күркіреген күннен өре жөнелген бөкен лағы, бір сәт қалықтау күйінде қанатын кере тұрып қалған дала қыраны көз алдыңызға келеді. Енді бірде қараңғы түнді жарып шығып, тау ішін күңірентіп Сәкен салған ән алыстан еміс-еміс естілетіндей. Ғалым Жайлыбай жүйтки аққан жылдарға ен салғандай жемісті еңбек етіп жүрген ақын. Оқырмандар ақынның толғақты, толайым поэмаларын асыға күтіп, ақын салған енінен танығандай өз кітап сөрелеріне еншілеп алып отырады. Дүниежүзілік пандемия, әлемдегі, еліміздегі карантин, үрей мен үміт, қауіп пен қатер қалам ұстаған қай жанды да қамсыз, уайымсыз қалдырған жоқ. Соның бір белгісі – шер толқытып шығарған ой уытындай, ащы көз жасындай осы поэма. «Сұрақ белгісі» – адамның өзіне, қоғамға, әлемге, заманға даты, соның бәрінің адамға даты. Мәңгілік сауал, мәңгілік сауға. Ақының сауалы, ақынның сауғасы. Осының бәрінің жауабын кім береді? Кім бере алады? Поэманың редакциялық нұсқасы газетке жарияланар алдында толық нұсқасын сайтымызда ұсынып отырмыз. Редакциядан  

Қазақстан • 04 Сәуір, 2020

Қазақстандық спортшылар сауапты іске мұрындық болды

Қазақстан спортшылары Нұр-Сұлтан қаласының жалғызбасты қарттарына ыстық тамақ  жеткізуді  қолға алды.  

Коронавирус • 04 Сәуір, 2020

Елорда: Короновирустан емделіп жатқандардың жағдайы қалай

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирустан емделіп жатқандардың жағдайы туралы айтты.

Қоғам • 04 Сәуір, 2020

Ұлт болып ұйысуды ойлайық - Мәулен Әшімбаев

Қазір бүкіл əлеммен бірге біздің еліміз де сын-сағатын бастан өткеруде. Бұл тығырықтан шығу үшін Мемлекет басшысы ауқымды шаралар қабылдағанын білесіздер. Олар негізінен індетпен күресуге жəне халық пен бизнесті қолдауға арналып отыр. Соған сəйкес орталықта жəне өңірлерде тиісті жұмыстар қолға алынды. Алдағы уақытта оның бəрі оң нəтиже беретініне ешқандай күмəн жоқ.