Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20844 материал табылды

Тарих • 17 Наурыз, 2020

Сарайшықтың 1741 жылғы жоспары табылды

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының «Архив-2025» жобасы аясында 2019 жылы Мәскеу қаласына жасаған археографиялық іссапары барысында Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінен Сарайшық қалашығының түпнұсқалық топографиялық жоспары табылды. Бұрын-соңды жарық көрмеген және зерттеушілер назарынан тыс қалған құжат «План городу Сарайчик в Яика Гурьев городка в верх по реке Яик верстах в 60 снят прошлого 741 году» деп аталады.

Өнер • 17 Наурыз, 2020

Сахнаны дүбірлеткен саунд-драма

Қазақ әдебиетіндегі, оның ішіндегі батырлар жыр­ла­рын­­дағы, эпостық дастандар мен поэмалардағы бас­ты кейіп­­керлердің һәм батырлардың, сол сияқты тарихи тұл­ғалардың қасында өмірлік серігіне айналған тұл­пар­­­ла­рының болғандығы белгілі. Бұған Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қарақасқасы, Абылай ханның аңыз болған Көкбалағы, Ке­не­сарының Ақтаңгері тәрізді т.б. иесін жауға тас­та­ма­­ған қасиетті сәйгүліктер дәлел бола алады.

Саясат • 17 Наурыз, 2020

Коронавирус қауіпсіздікті нығайтуды талап етеді

Коронавирус инфекциясының жер жүзіне өте жылдам қарқынмен таралуы әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Оның үстіне аурудың асқынуынан қайтыс болғандардың саны өсе түскені де ешкімді бей жай қалдырмайды. Бұл жаһандық дертке айналып тұр. Ендігі жерде алаңсыз, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтамай болмайтынын ұғындырып отыр.

Таным • 17 Наурыз, 2020

Өмір шырағы

Жеңістің 75 жылдығы жақындаған сайын соғыста шейіт болған, болмаса аман-есен келіп қоғамның адал енбеккері болған адамдары туралы естеліктер жиі айтыла бастады. Бұл тәрбиелік мәні бар жақсы нышан деп білемін. Жақында ағайынымның үйінде болғанымда, жақсы бір үрдістің үстінен түстім.

Коронавирус • 16 Наурыз, 2020

Halyk Bank коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге 100 млн теңге көлемінде ақша аударады

Halyk Bank бүгінгі күні қатерлі індетпен  тікелей күресіп жатқан отандық медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдау үшін 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлетіні жайлы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 16 Наурыз, 2020

Асқар Мамин сауда желілерінің басшыларымен кеңес өткізді

Премьер-Министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын және сауда орталықтарында қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Елордада медициналық маскаларды қайдан алуға болады?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріханалық желілердің өкілдерімен және дистрибьютерлермен кездесті. Қала әкімдігі «Фармация» СҚ дистрибьютормен қосымша маскаларды жеткізу мәселесін талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 16 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай жарияланған кезде мешітте жұма және бес уақыт намыз оқуға қатысты пәтуа

Ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат береді. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына, мал-мүлкіне, бала-шағасы мен отбасы мүшелеріне әлдебір залал тиетін болса, шариғатымыз оның мешітке келіп, бес уақыт намазды жамағатпен оқуын, тіпті жұма намазға қатысуын міндеттемейді. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтында жарияланды. 

Білім • 16 Наурыз, 2020

Қажет болған жағдайда қашықтан оқуды әрі қарай жалғастыруға дайын боламыз - Асхат Аймағамбетов

5 сәуірден кейін осындай нақты жағдай болатын болса, біз қашықтан оқыту  жүйесіне көшуге дайын боламыз. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Қазақстан • 16 Наурыз, 2020

Тиісті мониторинг жүргізіп жатырмыз - Асхат Аймағамбетов

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.