Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20733 материал табылды

Таным • 06 Наурыз, 2020

Қиыр Шығыс майданына қатысқан қазақ қыздары

Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес армиясының қатарында қазақтың ұлдарымен бірге қыздары да гитлершілдерге ғана қарсы күрескен жоқ, сондай-ақ олар Қиыр Шығыс майданында да жапондармен шайқасты. Жалпы, Қиыр Шығыс майданында жапон милитаристеріне қарсы жүргізілген соғысқа Қазақстаннан қанша қыз-келін­шектің қатыстырылғаны туралы нақты дерек анықталған жоқ. Дегенмен Орал өңірінен майданға қыздардың көптеп аттанғаны туралы деректер бар. Мәселен, майдангер ана Қаламсия Ермекова: «1942 жылы соғысқа Оралдан 200 қыз аттандық» десе, Қаным Әлмағамбетованың ғұмырбаянында: «Оралдан 1 эшелон қызды тиеп Қиыр Шығысқа алып кетті», деп жазылған. Ал осы эшелондағы қыздар арасында болған жауынгер Валентина Суворова: «1942 жылдың шілдесінде Орал өңірінен әскерге 300 қыз шақырылды. Эшелон Оралдан Қиыр Шығысқа бет алды. Эшелонға әрбір стансадан қыздар тиелген екі-үш вагоннан қосылып отырды, Хабаровскіге 52 вагон болып жетті...», деп жазады. Бұл деректерден Қиыр Шығыс майданына қазақстандық мыңдаған жауынгер қыздың қатысқанын аңғаруға болады...  

Руханият • 06 Наурыз, 2020

Шеше, сен бақыттысың, жыламағын...

Қадірлі оқырман! Сіз айқара ашып отырған газеттің осы беті ананың айқара ашылған құшағы деп біліңіз. Өз құшағына дәуірлер мен заманаларды, ұрпақтар мен шеру тартқан тарих көшін сыйдырған даланың құшағы секілді. Ана құшағы...  Қазақ халқының тарихындағы тар жол, тайғақ кешулі күрделі кезеңдерді, тағдыршешті сәттерді – ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, колхоздастыру, кәмпеске, соғыс, тың игеру жылдарындағы ана тарихы, аналардың көз жасымен жазылған тарихты ақындардың аналарына арнаған жырларымен, сол аналардың тағдыры арқылы ашып көрсеткіміз келеді. Осы аналар ғасырды арқалаған, аманат арқалаған аналар. Сондай кезеңнің өзінде көз жасын жеңімен сүрте жүріп ұлдарын, ұлтын, қазақ әйелінің қастерлі бейнесін, ақ жаулықтың киесін сақтап қалды. Олар ұлты үшін, ұрпағы үшін үлкен құрбандықтарға да барды. Ашаршылық жылдары бүгінгі академик, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының анасы ұлын қалай сақтап қалғаны туралы жантүршігерлік оқиғасын бүгінгі ұрпақ біле ме екен?!. Ұлды бауырына қысып, қызды қолынан жетелеп жапан түзде жол кешіп келе жатқан ана қаумалаған қалың қасқырдан аман шығу үшін екінің бірін, ұлды – ұрпақты сақтап қалу үшін балдырған қызды бөрілердің аузына тастап, ұлды қапсыра құшақтап ұзай берген. Ана құшағы, Ана шешімі, Ана құрбандығы. Бізді бүгінгі күнге жеткізген де сол аналар. Қазақ поэзиясындағы ана жайлы ең үздік жырларды, сол жырларға кейіпкер болған аналар тағдырын қабыл алыңыздар.

Елбасы • 06 Наурыз, 2020

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Білім беру нысандарын ерекше тәртіппен тексеру мәселесі талқыланды

Бүгін  Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде  білім беру және тәрбиелеу объектілерін ерекше тәртіппен тексеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Брюссельде ЕО елдері Астана мемлекеттік қызмет хабының жұмыс тәжірибесін талқылады

Брюссельде «Орталық Азиядағы мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатындағы әріптестік – Қазақстанның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазақстанның, Қырғызстанның өкілетті органдары, Бельгия үкіметі, Еурокомиссия, БҰҰ, Қазақстанның және ЕО мүше елдер дипломатиялық миссия  өкілдері, Астана мемлекеттік қызмет хабы делегациясы қатысты.

Қоғам • 05 Наурыз, 2020

Жастардың шығармашылығын дамытатын жоба жүзеге асты

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «WikiGap Kazakhstan» жобасына қатысып, жетістікке жеткен 100 қазақстандық әйелді Wikipedia-ға орналастырды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

Тағайындау • 05 Наурыз, 2020

Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Алдаберген Асыл Берікұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облыстық әкімдігі хабарлады.

Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Мәслихат депутаттарына арналған құқықтық сауаттылық семинары басталды

Қарағандыда «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігінің» ұйымдастыруымен және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» мен Қарағанды қалалық мәслихатының қолдауымен жергілікті өкілді органдардың жұмысын жақсарту мақсатында оқу семинары болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабрлады.

Президент • 05 Наурыз, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Іргелі істің басындағы іскер арулар

«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез-келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатыр. Өйткені, қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені ақиқат.