Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Елордалық полицейлер былтыр есірткі саудасына қатысты 73 қылмыстық іс қозғады
Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, соңғы уақытта есірткінің дәстүрлі түрлерімен қатар синтетикалық есірткілер мен олардың аналогтары кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін синтетикалық есірткі заттармен байланысты 73 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
А. Мамин балық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
Премьер-Министр Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
Біржан Нұрымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің қабылдауына 8 адам келді, оның ішінде елорда, Шымкент және Қарағанды қалаларының тұрғындары бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
100 • 27 Ақпан, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті: Гималай бұрынғыдай биік емес
«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа айдардың кезекті материалын назарларыңызға ұсынамыз. «Гималай бұрынғыдай биік емес» атты мақала 1956 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне шыққан.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
Атырау облысында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады
Атырау облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Қашаған кен орнында ілеспе газ өңдеу зауытын салу мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
СІМ және Еуропалық Парламент ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 17-ші отырысына қатысу үшін елімізге келген Еуропалық Парламенттің ресми делегациясымен кездесу өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 27 Ақпан, 2020
Қазақстан мен Армения арасындағы қосарланған салықты болдырмау мәселесі қаралды
Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен болған комитеттің кеңейтілген отырысында «2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспары талқыланды
Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің 2017-2019 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында 2020 жылға бекітілген жұмыс жоспары талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ескерту жарияланды
Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтан: Кәмелеттік жасқа толмағандар қоғамдық көлікте тегін жүреді
2020 жылғы 28 наурыздан бастап елордада барлық кәмелетке толмағандар үшін жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлікпен жүруге қатысты бірқатар мәселелер азаматтарды қабылдау, мәслихат сессиялары мен есептік кездесулерде көтерілді. Тасымалдаушылармен келіссөздер барысында қала әкімі 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін жол жүру тегін болатыны туралы шешім қабылдады. Шеткері аймақтарда тұратын кәмілетке толмаған балалар да тегін қатынай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.