Қоғам • 28 Ақпан, 2020
Ауа райына байланысты 16 учаскеде жол жабылды
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 трассада көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда • 28 Ақпан, 2020
Елордада бала психологиясына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті
Елордада «Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясындағы балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайту мен дамытуға бағытталған кітаптар таныстырылды. Шара аясында Bilim Foundation қоғамдық қоры Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасына мектептерге арналған 172 кітап жиынтығын тапсырды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 28 Ақпан, 2020
Нью-Йорктегі жұлдыздар галереясына Димаштың суреті ілінді
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center стадионының жұлдыздар галереясында Димаш Құдайбергеннің суреті ілінді. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
Президент • 28 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Үкіметке короновирусқа қарсы шара қабылдауды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
Руханият • 28 Ақпан, 2020
Ғасыр басы қашан да буырқанысқа толы болатыны белгілі, тынышы кеткен Түркиядан бас сауғалап қашып, бір-ақ сәтте босқын болған менің ата-анам Грузияның Батуми қаласынан қоныс тапқаннан кейін көп ұзамай мен дүниеге келген екенмін. Тағдырдың жазуына талас жоқ, Жаратушы жақсы иеміз маған үш Отан бұйыртыпты: Грекия, Грузия және Қазақстан.
Таным • 28 Ақпан, 2020
Біздің әулет Әлжан анаға қарыздар
«Адамға жасаған қиянаттың зардабы қияметке дейін» деген сөз бар халықта. Ал тұтас халық пен ұлтқа жасалған геноцидтің салдары қаншалықты ауыр екенін айтып жеткізу мүмкін бе? Жиырмасыншы ғасырдың 20-жылдарынан басталған жеке ұлттарға қарсы қырып-жою, жер аудару саясаты 1945 жылға дейін жалғасқанын біз тарих оқулығынан оқып өстік. Ал біздің әкелеріміз бен аталарымыз осы қасіретті бастан кешірген еді...
Медицина • 28 Ақпан, 2020
Бұл – жаңадан пайда болған вирус. Оның ағымы қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды. Соған қарамастан, еліміз жоғары деңгейде алдын алу жұмыстарын жүргізіп, қатты қадағалауға алды. Алайда ауру басқа елдерге таралуда. Оңтүстік Корея мен Италияда оқу оқып, жұмыс істеп жатқан отандастарымыз көп. Енді елге келетін адамдар ауруды алып келуі мүмкін. Әсіресе сау тасымалдаушылардан көбірек қауіптенуіміз керек. Дәрігерлер де, ғалымдар да мұндай адамдардың бар екенін дәлелдеді, олар өздері ауырмайды, сырқаттың белгілері де болмайды, бірақ вирусты тасымалдап, басқаларға жұқтырады.
Қоғам • 28 Ақпан, 2020
Коронавирустың әлемге тарала бастағаны туралы алғашқы хабар түскеннен бастап Қазақстанда алдын алу шарасы өте жоғары деңгейде жасалып жатыр. Ең алдымен, ауру жұқтырып алмауы үшін Қытайда жүрген отандастарымыз елге қайтарылды. Сақтық шараларын жүргізу үшін Үкіметтен қаржы бөлінді. Барлық облыстарда инфекциялық және карантинге арналған орын дайындалды. Карантиндік орын ауру тараған елдерден келген азаматтарды 14 күн оқшаулауға арналды. Бұл инкубациялық мерзім деп аталады. Яғни, инфекция жұққаннан ауру басталғанға дейінгі аралықты қамтиды. Соңғы кезде ауру 24 күн өткеннен кейін байқалады деген де ақпарат бар. Соған байланысты екі апта карантинде болған адам жағдайына қарай үйінде немесе басқа түрде жеңілдетілген карантинде болуы тиіс.
Медицина • 28 Ақпан, 2020
Дүйім дүниені дүрліктірген «коронавирус» сөзі «қаржы дағдарысы», «терроризм», «зілзала», «цунами» және т.б. сөздерден де қорқынышты болып, әлемдік деңгейдегі ең өзекті мәселеге айналып барады. Ауру қоздырғышы – вирус. Табиғатта ауру тудыратын микроорганизмдер өте көп: бактериялар, коккалар, бациллалар, рикетсиялар, хламидиялар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, вирустар деп тізбектеліп кете береді. Бұлардың ішіндегі ең күрделілерінің біріне вирустар жатады. Вирустар басқа микробтарға қарағанда ең ұсағы, егер басқа микробтарды микроскоппен ғана көретін болсақ, ал вирустардың ұсақтылығы соншалық, электронды микроскоппен ғана көруге болады.
Таным • 28 Ақпан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы даланың ұлы тұлғаларын ұлықтау маңызына ерекше тоқталды. Тарихымызда өшпес із қалдырған ұлы тұлғаларымыз ежелде де, өткен ғасырларда да болған, тіпті, керек болса, қазіргі кезде де арамыздан табылады. Қазіргі ай мен күннің аманында, кешегі қатаң тоталитарлық заманда қиындықтарға төтеп берген асыл текті ағаларымыздың есімін естен шығармай, олардың өмірін жас ұрпаққа үлгі ете білу – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің, парызының бірі деп білеміз.