Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Әлем • 29 Қаңтар, 2020

Коронавируске қарсы вакцина ойлап табылды

Гонконг қаласының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Бұл туралы South China Morning Post қытайлық басылым хабарлады. 

Медицина • 29 Қаңтар, 2020

Е.Біртанов Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды

Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 29 Қаңтар, 2020

Берлинде «Жасыл Орталық Азия» қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастама басталды

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуроодақтың Орталық Азия мен Ауғанстан үшін жаңа стратегиясын іске асыру шеңберінде Германия бастамашылық еткен климатты қорғау мәселелері жөніндегі «Жасыл Орталық Азия» аймақтық интеграциялық жобасын іске қосу жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2020

Бұл – жаңа экономикалық бағыт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік қызметіне кіріскеніне бір жыл толар уақытта «Жаңа экономикалық бағыт» деген атаумен реформалардың ауқымды пакетін әзірлеу қолға алынғанын жария етті. Бұл жаңа бағыт бұрынғы даму жолымыздан шығу дегенді білдірмейді. Сабақтастық – мемлекеттің берік ұстыны. Жаңа тарихымыздың өткен үш онжылдығында мемлекеттік биліктің дәстүрлері мен институттары орнығып, экономиканың базисі қалыптасты, халықтың жаңа буыны өсті. Жаңа экономикалық бағыттың қажеті сол – бұл кешегі кезеңнен айтарлықтай ерекшеленетін қазіргі күннің шындығына негізделген.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

143 жолаушы құтқарылды

Қостанай облысында соңғы аптада толассыз соққан дүлей боран салдарынан жол қатынасы қиындап кетті. Өңірде соңғы бір жеті ішінде қар шамадан тыс қалың түсіп, ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран күшейіп тұр. Сондықтан республикалық маңызы бар күре жолдардың бойындағы 5 аумақта және облыстық маңызы бар жолдардың 22 аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Руханият • 29 Қаңтар, 2020

Шығыстану ғылымының жаңа жетістігі

Қазақ халқының тарихы мен мәде­ниеті шығыс елдері­мен тығыз бай­ланысты. Халқы­мыздың түркілік ежелгі және орта­ғасырлық тари­хының дерек­тері қытай, парсы, араб һәм түр­к тілдерінің жазбаларында молынан көрініс тапқан.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2020

Тарбағатайда дәрілік шөптер көп

Әрине, Тарбағатай тауының флорасы өте бай. Алайда «Тар­бағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен өсімдіктер әлемін зерттеу ХХ ғасырдың ортасында жүргізіліп, бір­неше шағын экспедициялар ғана ұйымдастырылды. Сон­дықтан бұл өңірде нақты дәрілік өсімдіктердің қанша түрі бар екені анықталмаған. Белгілісі, бұл өлкеде кездесетін 1640 түрлі өсімдік 504 туысқа, 84 тұқымдасқа жатады. Өсімдіктердің 169 эндемиялық түрі бар. Жалпы 1640 өсімдіктің 35 түрі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі болғандықтан Қазақ­станның Қызыл кітабына енген.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2020

Отанымның бір кірпіші болып қалансам арманым жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметке кірісер алдындағы ұлықтау рәсімінде елімізді дамытуда жастар әлеуетінің ерекше екенін айтып, «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтау мәселесін алғаш көтерген болатын. 27 тамызда Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы Президент Жарлығы шығып, ұлттық комиссия құрылды. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Жастар жылына арналған ең маңызды айрықша бастама болды. Жалпы Президенттік жастар кадр резервіне енуге арналған байқау 6 кезеңнен тұрды.

Абай • 29 Қаңтар, 2020

Абай философиясы – жаңашылдық жаршысы

Бірде мектеп мұғалімі алдындағы оқушының «Қанша ғасыр өтіп кетсе де, Сократтың атын адамдар қалай ұмытпаған?» деген сұрағы жөнінде әңгімелеген еді. Балдырғанның сұрағы ересектер тарапынан езу тартқызар, бірақ тәжірибелі ұстаз баланың еркін ойлай алатынына, сұрақтың астарынан шәкірттің білімге деген құштарлық қуатының байқалатынына өзі де сүйсінгенін жасыра алмап еді...

Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020

Қолайсыз ауа райына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады

28 қаңтарда 21:00-дегі жағдай бойынша 10 облыс пен елорданың 106 учаскесінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойынша барлық автокөліктер үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы Республикалық жедел штаб бас басшысының орынбасары, Азаматтық қорғау подполковнигі Жақатаев мәлімдеді.