Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20844 материал табылды

Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019

Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 09 Желтоқсан, 2019

Мәжілісте жаңа жәрдемақы жайы талқыланды

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның басшылығымен кезекті Үкімет сағаты өтіп, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жаңа тәсілдері, оны іске асыру тетіктері, аталған салада орын алған проблемаларды және оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 09 Желтоқсан, 2019

Үндістанда болған өртке байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Нью-Дели қаласында орналасқан фабрикалардың бірінде болған өртке байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019

Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр

Шараға қатысушылар өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту перспективаларын және «жасыл» технологияларға көшуді талқылайды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2019

Жеңіс Қасымбек салынған тұрғын үйлердің сапасын бақылауды талап етті

Қарағанды облысында тұрғын үй мәселесін шешуге күш жұмсалуда. Кезекте тұрғандарды пәтерлермен қамтамасыз ету үшін 372,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін бірқатар өңірлерде үйлер тапсырылатын болады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа құрылыс сапасына назар аударды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

Б. Сағынтаев: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша патрульдеуді күшейту жұмыстары нақты нәтижелер көрсетуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019

Қазақстандық делегация Түркияның авиациялық билігімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Түркия авиакомпаниялары 11 қазақстандық әуежайда тұрақты ұшуларды орындай алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас

Қазақ ер азаматты шаңырақтың иесі санаса, әйелді отбасының алтын қазығы деп құрметтеген. Ал, отбасы ұғымы осы ер мен әйелдің бірлескен одағынан туады. Қай қоғамда да отбасы мемлекеттің негізгі бөлшегі. Басты қозғаушы күші. Оның әлеуметтік жағдайы, тыныштығы, берекесі мен ұрпаққа берер тәрбиесі қоғам алдындағы негізгі мәселелердің бірі.

Руханият • 09 Желтоқсан, 2019

Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті

«Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен елордада жыршы-термешілердің «Жыр-аманат» концерт-спектаклі өтті. Жыршылық дәстүрді кеңінен насихаттап, ата-бабадан жеткен асыл мұраны жұртшылыққа боямасыз жеткізуді мақсат еткен бұл кеште еліміздің әр аймағындағы жыршылық дәстүрдің өкілдері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Жетісу», «Маңғыстау», «Қаратау», «Арқа», «Атырау-Жайық», «Сыр елі», «Ақтөбе» жыршылық дәстүрлерінің өнерпаздары ұлттық өнерімізге шөліркеген қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.