Қоғам • 30 Қаңтар, 2020
Руханият • 30 Қаңтар, 2020
Будапештте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілді
2020 жылғы 29 қаңтарда Будапештте Қазақстан Республикасы Елшілігінің Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді. Онда «Әлем таныған Абай» кітап-иллюстративті көрмесі мен «Абай әлемі» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2020
Елордада бірінші ауысымдағы сынып оқушыларына сабақ болмайды
Бүгін, 30 қаңтарда Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
• 30 Қаңтар, 2020
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров төрағалық ететін коронавирус инфекциясын таратуды ескерту бойынша Өңірлік штаб құрылды.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2020
Билеттердің құны толық қайтарылады
Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Үкіметі коронавирустың ел аумағына әрі қарай таралуын болдырмау үшін 27 қаңтардан бастап Алматы – Нұр-Жолы – Үрімші, Өскемен – Майқапшағай – Үрімші, Жаркент – Қорғас – Құлжа, Аягөз – Бақты – Зимұнай бағыттарында автобус қатынасын уақытша тоқтату туралы шешімге келді. Бұл екі бағытта күніне барлығы 14 рейс қатынайтын.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2020
Қосымша қорғану шараларын қабылдады
Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен «Библиокеруен» атты тың жобаны қолға алды. Жаңа жоба аясында кітапханашылар өңірдегі кейбір мекемелер мен ұйымдарға барып көшпелі көрме өткізеді.
Руханият • 30 Қаңтар, 2020
Бағзы бабаларымыз балаларына ат қоюда салт пен дәстүрге барынша жүгінген. Мұны Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен де табамыз. Ол ырым, әдеп-ғұрыптар туралы айта келіп: «Болашақта бір жақсылық болуын тілеп айтылатын әдеп-ғұрыптар да ырым деп айтылады. Мәселен, біреудің ұлы жоқ болып, әйелі қыз туа берсе, ол соңғы бір қызының атын Ұлтуған, Майкөт қояды, ондағы ойы келесі балам ұл болсын дегендік» деп жазады.
Руханият • 29 Қаңтар, 2020
Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды
Алматыда ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Есіл ауданында балабақша мен 4 мектеп ашылады
«Есіл» ауданының әкімі Берік Жәкенов аудандағы білім беру орындары жайлы халыққа есеп беру кездесуінде баяндады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.