Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

«Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды

Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбыры еліміздің Елордасын, орталық және солтүстік өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған жоба толығымен жүзеге асқанда, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасының бойындағы 171 елді мекендердің шамамен 2,7 млн тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 6,3 млн адамға жетті

Бүгінгі таңда 6,3 млн астам адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - дан (бұдан әрі-МӘСҚ) 2005-2019 жылдары 4,6 млн адам жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеден астам әлеуметтік төлемдер алды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көбейіп келеді

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының нақты көлемі 9,8 млн тонна, жалпы соммасы 2 млрд 572,8 млн АҚШ долларын құрап отыр. Өткен 2018 жылмен салыстырғанда экспорт көлемінің көрсеткіші 7,4 пайызға өскен.  Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Елордада «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді

Нұр-Сұлтанда «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені бүгін қолданысқа берілді. 200-ден астам астаналық отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 30 Желтоқсан, 2019

Бірқатар мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады

Қазақстан Президентінің атына бірқатар мемлекеттің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылмен құттықтаған жеделхаттар келіп түсуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Ақтаудың әскери қызметшілеріне пәтердің кілттері табысталды

Ақтау қаласындағы әскери қалашықта 96 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Әскери қызметшілерге кілттер салтанатты түрде табыс етілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 30 Желтоқсан, 2019

Жерігілікті әскери басқару органдарын тексеру күтілуде

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Жаңа жыл мерекесінде күн жылы болады

Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады. 

Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2019

Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

«Air Astana» Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында қосымша рейстер ашты

«Bek Air» әуе компаниясы ұшырылымдарының уақытша тоқтатылуына байланысты 2019 жылғы 27-31 желтоқсан күндері аралығына жоспарланған әуе компаниясының Нұрсұлтан-Қызылорда, Қызылорда - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Атырау, Атырау - Шымкент, Шымкент - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Алматы - Орал, Орал - Алматы, Алматы - Ақтау, Ақтау - Алматы, Алматы - Павлодар, Павлодар - Алматы, Ақтау - Шымкент, Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан - Шымкент, Алматы - Нұр-Сұлтан, Шымкент - Атырау, Атырау - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Шымкент - Ақтау бағыттары бойынша 100-ге жуық рейсі орындалмайды. Бұл бағыттарға барлығы 9157 билет (8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте) сатылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.