Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Экология • 03 Қазан, 2019

Алматы облысында «Экосағат» акциясы аясында 30 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы № 9 мектепте өткен «Экосағат» акциясына қатысып, мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналармен бірге ағаш отырғызды. Осы күні акция аясында өңірдің барлық білім мекемелерінде жалпы саны 30 мыңнан астам ағаш егілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Бердібек Сапарбаев әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін Мәдениет және спорт министрлігін сынға алды

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жақында әлем чемпионаттарында өткен күрес, бокс, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың көрсеткен жарыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Kazakh Invest жапониялық компанияның инвестициялық жобасын сүйемелдеуді қамтамасыз етті

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 2 қазан - Жобаның барлық кезеңдерін жедел үйлестіру үшін Tokyo Rope жапондық инвестор Атырау қаласында өкілдігін ашты. Орал өзенінің жағалау жиегін нығайту жөніндегі жобаны компания алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып іске асырмақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда жастар арасында діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенттеріне «Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстардың қаупі» тақырыбында дәріс өтті. Дәрістің өтуіне қалалық Қоғамдық даму істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығы ұйытқы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Бүгін - Түркі ынтымақтастығы күні

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы қол қойылған Нахчыван келісіміне биыл 10 жыл толып отыр.  

Спорт • 03 Қазан, 2019

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың кездесуін қайдан көруге болады

«Қазақстан» РТРК» АҚ Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың кездесуін көрсету құқығына ие болды. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлады.

Медицина • 03 Қазан, 2019

Астанада 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «STOP туберкулез!»  акциясы басталған бір аптаның ішінде Астанада 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден  өтті, деп хабарлайды http://astana.gov.kz.

Руханият • 03 Қазан, 2019

Кәсіби мереке қарсаңында елорданың үздік ұстаздары мапаратталды

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында білім саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Руханият • 03 Қазан, 2019

Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірден озғанына – 1 жыл

Шерхан Мұртаза! Бұл есімнің халық жадында жат­­талғанына елу жылдан асып кетті. Сол елу жылда әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан жұлдызы еш көмескіленбей, қайта бұрынғыдан да жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті. Бір кезде «айналасы жұп-жұмыр тегіс келген» әңгімелерден бастаған жазушы қазақ әдебиетіне көп томдық роман әкелген санаулы қаламгердің биігіне көтерілді. Қызметін баспаның редакторлығынан бастап, ұзақ жылдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы, Парламент депутаты болып, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрді.

Парламент • 02 Қазан, 2019

Дариға Назарбаева Съезд Хатшылығының басым бағыттарын айқындады

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен өткен жұмыс отырысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XVIII Хатшылығының қорытындысы нақтыланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.