Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2019
Қазақстан қорғаныс және қауіпсіздік ауқымындағы серіктестікті дамытуға ұмтылуда
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанда аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпусын салтанатты қабылдауы өтті. Қорғаныс министрлігінің шақыруымен аталған іс-шараға 140-қа жуық шетелдік қонақ қатысты.
Үкімет • 21 Желтоқсан, 2019
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары қаралды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен және Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын орындаудың 2019 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2019
Шымкенттің оқушыларына патриотизм мен ерлік туралы сабақ өткізілді
Қазақстан қорғаныс министрінің Шымкент гарнизонына жасаған жұмыс сапары аясында М.Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияда патриотизм мен ерлік жөнінде сабақ өткізілді.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2019
Парламент тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған заңдарды қабылдады
Сенат отырысында «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019
Т.Қалиев: Жала жабу туралы баптың декриминализациялануы журналистерді жігерлендіре түседі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Талғат Қалиев кеңес отырысының нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту, елді-мекендерді дамыту, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, медициналық көмек алу бойынша сұрақтар қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019
Бүгін Нұр-Сұлтандағы жаңажылдық бас шырша жағылады
EXPO-2017 көрмесінің аумағында еліміздің бас жаңажылдық шыршасының шамын жағу рәсімі өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019
Дания Еспаева: Президент деңгейінде шешім қабылданғаны қуантады
Дания Еспаева Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысынан кейінгі аралықта атқарылған жұмыстар жайында айтты.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2019
130-баптың қылмыстық сипаттан алынып тасталатыны қуантады - Арманжан Байтасов
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Арманжан Байтасов бүгін Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысында айтылған Президенттің жала жабу туралы бапты декриминализациялауға қатысты пікір білдірді.
Үкімет • 20 Желтоқсан, 2019
Оңтүстік өңірдің әскери бөлімдері мен мекемелері тексерілді
Қазақстанның қорғаныс министрі Шымкент, Арыс гарнизондары мен Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.