Спорт • 14 Тамыз, 2019
Таллиндегі әлем біріншілігінен балуандар екі қола медаль жеңіп алды
12 тамыз күні Таллинде (Эстония) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде команда қоржынына екі медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Алматы қалалық ТЖД Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді
Алматы қаласындағы сел қаупіне байланысты төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Қазталов ауданына қарасты Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайыновты білмейтіндер кемде-кем. Олай дейтін себебіміз, Аслан өзінің ата-тегі Жайынов болғанына қарамастан Қараөзеннен жайын балықтарын ұстаудан чемпион атанып жүр.
Әлем • 14 Тамыз, 2019
Өтүкенде қағанға арналған кешен табылды
Халықаралық Түркі академиясы ғалымдары түркінің ежелгі мекендерінің бірі саналатын Моңғолия жерінде жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында тағы да олжалы болды. «Тағы да» дейтін себебіміз, Академия ғалымдары былтыр Керулен өзені аңғарындағы қазба жұмыстары кезінде түркі дәуіріне тән ғұрыптық кешендерді ашқан еді. Биыл «Номгон-2» ғұрыптық кешенінен бірқатар жәдігер тауып отыр.
Қоғам • 14 Тамыз, 2019
Ономастикалық атаулар бірізділікті талап етеді
Ономастикалық атаулар, оның ішінде еліміздің жер-су атаулары, аты-жөндеріміз – ұлттық-тілдік және мемлекеттік бірегейлігімізді айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ономастикалық атаулардың мазмұнын ұлттандыруға бағытталған қыруар іс-шаралар атқарылғандығы белгілі. Енді латын әліпбиі енгізілген сәттен бастап мыңдаған, жүз мыңдаған ономастикалық атауларымыз кең халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі айналымға енгелі отыр. Осы орайда еліміздің жер-су атауларын латын әліпбиінде таңбалау, сондай-ақ шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу және төл антропонимдік жүйемізбен қатар, шеттілдік есімдерді таңбалау мәселесі өзекті болмақ.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2019
Төрт елдің Ішкі істер министрлері арнайы жасақ жауынгерлерінің қабілетін бағалады
5-10 тамыз аралығында Алматы қаласы Заречный кентінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Жауынгерлік және әдістемелік орталығында Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлерінің арнайы мақсаттағы бөліністері жауынгерлерімен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Спорт • 13 Тамыз, 2019
Бүгін стенд атудан Лахтидегі әлем кубогі кезеңі басталады
Бүгін Финляндияның Лахти қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогі кезеңі басталады деп жазады Olympic.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Нұр-Сұлтанда білім беру саласының қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді
15 тамызда елордалық «Жастар» сарайында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді деп қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді
«АкТеп» ЖШС 20 тонна мұздатылған сүйексіз сиыр етін вакуумдық қаптамада Қытай Халық Республикасына жөнелтті. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 13 Тамыз, 2019
Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен «Ақорда» резиденциясында экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.