Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22262 материал табылды

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

«Аманатқа» сайлау аманат

Қазақстанда «Аманат» азаматтық алаңы құрылды. Аталған бастаманың негізгі мақсаты – сайлау барысына қоғамдық мониторинг жүргізу. Ашық әрі әділ сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының ерікті бірлестігіне қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар мен азаматтық белсенділер кірді.

Қоғам • 30 Сәуір, 2019

Тұсау салар кез жетті

Біздің бала күнімізде көкелеріміз жеңгелерімізді атқа өңгеріп немесе трак­­­тордың тар кабинасына екі бүк­теп ты­ғып та әкеле беруші еді. Үй­ге бір әкеліп енгізген соң көкеміздің еш­­теңемен шаруасы жоқ, бір нәрсені тындырып тастағандай шіреніп «мен әкелуін әкелдім, ендігісі сіздердің міндеттеріңіз» дегендей, маңғаз қалып танытып, екі қолын қалтасына салып шікірейіп, шіреніп тұратын. Мұнан соң ауыл-аумақтағы кемпір-сампырларға кәдімгідей жұмыс табылып қалады. Жаңа ғана босаға аттаған келінге орамал жабу, оны үйге адыраспан түтетіп, табаға май салдырып, оң аяғымен аттату, ақ шымылдық ішіне кіргізу, қуғыншыларға бөлек дастарқан әзірлету, қыз сыңси бастаса «ата-бабалар салтын» көлденең тарту, өзінің де бір кездері осылай келгенін айтып, жап-жақсы өсіп-өнгенін тәптіштеп түсіндіру, иландыру – өз алдына бір институт болатын.

Қоғам • 30 Сәуір, 2019

Отандық білім жүйесіне батыс мектебінің бар жақсысын енгізу қажет

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назар­баевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тармақ­тарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Биыл осы жобаның 2-кезеңі аяқталып, 30 оқулық көпшілікке таныстырылды. Солардың қатарында батыс мектебінің ең үздік оқулықтарының бірі, халықаралық британдық заңгер Малколм Шоның «Халықаралық құқық» (International Law, Malcolm N.Shaw) еңбегінің сегізінші басылымы аударылды.

Қоғам • 30 Сәуір, 2019

Тайбурылдың шабысы

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Атқа міну мәдениеті» тарихын жіті, жетік толғай отырып: «Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды» деп, немесе: «Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы...», деп тайға таң басқандай етіп жазады.

Спорт • 30 Сәуір, 2019

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден Нұр-Сұл­тан қа­ласында жалауы желбіреген әлем чемпионатының бі­рінші дивизионында («А» тобы) сынға түсіп жат­қан Қазақстан ұлттық құ­рамасы алғашқы кездесуін Словениямен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Әлем • 30 Сәуір, 2019

Елбасы мен император

Бүгін 30 сәуірде Жапонияның императоры Акихито тағынан түсіп, 1 мамырда оның үлкен ұлы, ханзада Нарухито күншығыс елінің төріне шығады. Отыз жылға созылған «Хейсей» дәуірі аяқталып, елде «Рейва» атауымен жаңа дәуір басталады.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

Бейбітшілік пен келісім – тұтастырар ел ішін

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясы өтті.

29 Сәуір, 2019

Тарихымызды тереңнен түсіне білдік

Тарамдалған тарихын бағамдай білген елдің ұрпақтары бүгінде өткенін түгендеп отырады. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың жолдаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мұратты жандардың мақсатын айқындап отыр.

Үкімет • 29 Сәуір, 2019

2025 жылға дейін «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен ауыл тұрғындарының 80%-ы қамтылады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 29 Сәуір, 2019

«Baqytty bala-2019» вокалдық фестиваліне өтінімдер қабылдау басталды

2019 жылдың 10-14 шілде аралығында Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығының 150 жылдығына арналған "Baqytty bala" ІІ ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өткізіледі.