Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Саясат • 23 Қазан, 2023

Жаңа цифрлық шешім

Келер жылы елімізде дәрі-дәрмекті қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Үкіметте өткен кеңесте Премьер-министр Әлихан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылды.

Республика күні • 23 Қазан, 2023

Егемендік декларациясы: елдікке бастаған тарихи құжат

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан айтқан мынадай сөз бар: «Біздің іздегеніміз – Алаштың аты бәйгеден келгені. Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар». Алаш көшбасшысы айтқан ұлы той – Қазақ елінің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң қабылданып, аң­саған азаттыққа қарай алғашқы қадам жасалды.Өткен жылы күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайтарылған Республика күні биыл екінші мәрте кең көлемде тойланады. Біз мейрам қарсаңында елге танымал тұлғалардың басын қосып, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның маңызы мен мәні, ұлттық мерекенің ел өмірін­­д­егі орны жайында әңгімелескен едік. Дәстүр­лі дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайрат­керлері Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдас­беков, тарихшы ғалымдар Өмірзақ Озғанбаев, Бүркітбай Аяған, Тілеген Садықов, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов қатысты.

Үкімет • 23 Қазан, 2023

Комиссия отырысы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Қазақстан • 23 Қазан, 2023

Қазақстандағы сот әкімшілігі: Жетістігі мен келешегі

Биыл маусым айында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен, еліміздің сот әкімшілігінің шақыруымен Қазақстанға бардым. Астанада өткен «Сот әкімшілігі тәуелсіз сот төрелігі үшін: әлемдік стандарттар және үздік тәжірибелер» атты халықаралық дөңгелек үстелге баяндамашы ретінде қатысып, «Сот әкімшілігі, дамушы елдердегі жаңа модельдер мен сын-қатерлер» тақырыбында сөз сөйледім.

Экономика • 23 Қазан, 2023

Жеңілдетілген режім екі жылға ұзартылды

Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн режімде өткен отырысында бірқатар рәсімдік құжаттар қаралып, шешімдер қабылданды. Біздің тарапты вице-премьер Серік Жұманғарин таныстырды.

Қоғам • 23 Қазан, 2023

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Саясат • 23 Қазан, 2023

Өңірлік қауіпсіздік жайы талқыланды

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының Ташкентте өткен екінші кездесуіне қатысты.

Форум • 23 Қазан, 2023

Конфессияаралық келісімді сақтау үлгісі

Кейінгі жылдары Қазақстан халықаралық аренада көрнекті бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде көрінді. Егемендік алғаннан бері бейбіт, сындарлы сыртқы саясат жүргізіп, түрлі жаһандық мәселені шешуде келіссөздер алаңын ұсынып келеді.

Зерде • 22 Қазан, 2023

Мұстафа Шоқайдың ғибратты жолы

Әсілі Алаштың теңдесі жоқ ұлттық идеяларын рухани негіз етіп, егемен­ елі­міз­дің саяси әлеуметтік талаптарын оң түсіне отырып қана шын мағынасында саналы азаматтарды қалыптастыра аламыз.

Қазақстан • 22 Қазан, 2023

Қазақ – қашанда қазақ!