Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22296 материал табылды

Басылым • 12 Ақпан, 2024

Абылай хан және ұлт батырлары

Көрнекті айтыс ақыны, жазушы, драматург Баянғали Әлімжанов – бүгінгі түсінікпен айтқанда, креативті қаламгер. Өткен жылдың соңында осы автордың «Абылай хан мен батырлары» атты балаларға арналған танымдық кітабы «Фолиант» баспасынан қазақ, ағылшын тілінде жарияланып, бір марқайған едік. Енді жаһан кітапханасынан байқасақ, осы басылым 2022 жылы түрік және орыс тілдерінде де жарияланыпты.

Тарих • 12 Ақпан, 2024

Имантай қазасы туралы

«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 22 қаңтардағы санында керекулік тілші Мұрат Қапанұлының «Қаныштың әкесі Имантай хақында» деген мақаласы басылды. Мақаланы оқыған соң, ерік­сіз қолыма қалам алуға тура келді. Себебі Қаныштың әкесі Иман­тайдың өлімі мақалада жазылған ақпараттан басқаша.

Ғылым • 12 Ақпан, 2024

ЕҰУ ғалымдарының кітабы Springer әлемдік баспасында жарық көрді

Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGW Compiler» («C++ компиляторына кіріспе») бірегей кітабы Springer жаһандық ғылыми баспасынан ағылшын тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 12 Ақпан, 2024

Саяси жауапкершілік қажет

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев батыл әрекет жасауға кірісіп, саяси реформалардың әлеуетін қолдана бастады. Өйткені Конституциялық реформа мен өткізілген сайлаулар Үкіметтің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтті. Ол Президент Әкімшілігінің ұсақ-түйек бақылауынан босатылып, оның қайталанатын функциялары Үкіметке берілді. Салалық шешімдерді қабылдау құқығы да тиісті мемлекеттік органдар деңгейіне ауыстырылды. Өңірлердің бюджеттік дербестігі артты. Демек Үкіметтің тиімді жұмыс істеуі үшін қазір құралы жеткілікті.

Сараптама • 12 Ақпан, 2024

Қосымша құн салығы төмендетілуге тиіс

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық мөлшерлемесін көтеру – панацея емес дегенді айтты. Нақтырақ айтқанда, қосылған құн салығы жөнінде жаңа Үкіметке дейінгі бұрынғы Үкімет те оны біраз айналдырған. Алайда ҚҚС-ны 12 па­йыздан 16 пайызға дейін көтеру керектігі мәселе түйінін тарқатпасы әу баста-ақ белгілі болған. Бұл кәсіпкерлер мен салық төлеушілер арасында да біршама талқыланды.

Үкімет • 12 Ақпан, 2024

Күн тәртібі бекітілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Тұлға • 12 Ақпан, 2024

Халық жүрегіндегі «Қара майор»

Бүгін Ауған соғысының ардагері, Арнайы мақсаттағы 177-жеке жасақтың атақты командирі Борис Керім­баевтың қайтыс болғанына бес жыл толады.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2024

Талдықұдықта таң атты...

2021 жылдың 21 сәуірі күні «Egemen Qazaqstan» газетінде «Талдықұдық неге тарықты?» деген мақала жарияланған еді... Онда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Талдықұдық ауылдық округінің мұқтаждықтары, соның ішінде күрделі жөндеуге зәру мектеп мәселесі көтерілген-тін.

Қоғам • 11 Ақпан, 2024

Қар құрсауынан құтқарған қаһармандар

Қыс – қатал сыншы. Бұл мезгілдің бір сын саға­ты қолдан келер қайран болмай, қар құр­са­уын­да қайраңдап қалғанда туады. Мұндай қиын жағ­дайға тап келген жанға суық тиіп, үсік шалып, өмі­ріне қауіп төнуі мүмкін. Бүгінде осындай қауіп-қатер­мен бетпе-бет келіп, қолайсыз ауа райында айдалада қалып қойған азаматтар аз болмай тұр. Қуаныштысы, бұл шарасыз жандардың қасынан ширақ әрі шешімтал құтқарушылар табылып, қаншама өмірді арашалап қалды.

Пікір • 11 Ақпан, 2024

Су тапшылығы болмасын десек...

Жаһандық экономикалық дағдарыстың шиеленісуі, тұрақсыз геосаяси жағдай мемлекеттерді жаңа экономикалық модельдер құру қажет екенін көрсетті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент биылғы экономикалық күн тәртібіндегі бірқатар негізгі міндетке басымдық берді.