Экономика • 24 Мамыр, 2019
Салықтық рақымшылық жеке тұлғаларға да жасалады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны белгілі.
Сайлау • 24 Мамыр, 2019
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалында Президенттікке Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат кезеңінің аралық қорытындысы жөнінде брифинг болып өтті. Алматы қалалық қоғамдық Штабының жетекшісі, қалалық Мәслихат депутаты Рахман Алшанов осы кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндап берді.
Экология • 24 Мамыр, 2019
Халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай экомарафон қатысушылары Алматы облысындағы Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын 250 шақырымдық жолды жүгіріп өтті.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
Елорданың ең дарынды баласы анықталды
Төрт жылдың ішінде миллиондаған көрерменнің жүректерін жаулап алған «Жандану әлемі» қорының жобасы – «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауы IV маусымының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
Соғыс балалары ма, майдангер балалары ма?
Оқырманның әр кез көңілінен шығып, ой-толғамына жауап беріп отыратын еліміздің бас газетінің биылғы 9 мамырдағы санында жарияланған Гүлбаршын Айтжанбайқызының «Соғыс балалары терминін енгізу қажет пе?» деген мақаласы көптен бері көкейде жүрген ойды қозғап кетті.
Сайлау • 24 Мамыр, 2019
Үміткерлер өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда
Елімізде сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Кандидаттар сайлауалды бағдарламаларын қазақстандықтарға түгел жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын барынша тиімді қолдануда. Сондай-ақ әлеуметтік желілердің бұқаралық сипат алған заманында үміткерлер жеке парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып, басты ұстанымдары жөнінде кеңінен хабар беріп жатыр.
Қоғам • 24 Мамыр, 2019
Әлеуметтік жаңғырудың алдында тұр
Қазақстандық қоғамның экономикалық жіктелуі Джини коэффициентіне сәйкес – 0, 287 деңгейінде байқалған. Салыстырмалы түрде алғанда, Ресейде бұл коэффициент – 0, 41. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде орташа есеппен – 0, 316-ны көрсеткен. Мұндай статистикалық деректерді «Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруының бағдарлары» халықаралық ғылыми конференциясының қатысушылары жеткізді.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
Журналистің бойтұмары – идеялары
Сәрсенбі күні Алматыда басталған XVI Еуразиялық медиа-форум кеше ресми әрі салтанатты түрде ашылып, жұмысын жалғастырды. «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына арналған халықаралық жиынға Парламент Сенатының Төрағасы форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты. Сонымен қатар форумға Армения Президенті Армен Саркисян келді.
Руханият • 24 Мамыр, 2019
...1957 жылы жаңадан салынған кеңшар орталығынан қашықтау қоныс тепкен біздің Керегелі ауылында су қат болыпты. Қыз-келіншек 3-4 шақырым жерден иінағашпен шелектеп су тасиды. Малдың жайымен отырған шағын ауылды түбі орталыққа көшіру жоспары болғандықтан су мәселесі шешілмейді.
Кино • 24 Мамыр, 2019
Дубляж өнерінің болашағы жарқын
Қазақ дубляж өнері әлем бойынша кенже дамып келе жатқаны құпия емес. Егер Дисней студиясының классикалық мультфильмдерінің Ресейдегі дубляжы осыдан 25-30 жыл бұрын қолға алынса, бізге АҚШ студиясының сапалы әрі толыққанды қазақ тілді дубляжы енді-енді ғана еніп жатыр.