Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Президент • 20 Қыркүйек, 2023

Орталық Азия – АҚШ саммиті: Бейбітшілік пен тұрақтылық мәселесі талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты.

Президент • 19 Қыркүйек, 2023

Келешекке бағдарланған кездесулер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамб­леясының 78-сессиясы аясында шетел прези­дент­терімен екіжақты кездесулері жалғасты. Сондай-ақ Президент бірқатар халықаралық ұйым және трансұлттық компанияның жетекшілерін қабылдап, екіжақты келіссөздер жүргізді.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2023

Үміт күттіретін сапар

Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясы саммитінің аясындағы бұл сапары қай жағынан алса да уақытқа сай. Бірақ біз үшін сапардың ең басты оқиғасы Орталық Азия көшбасшыларының АҚШ Президенті Джо Байденмен кездесуі болатыны анық.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2023

Ынтымақтастықтың жаңа дәуірі

Қазір геосаясаттағы тектоникалық мүдделер қақтығысы, өзгерістер болып жатқан заманда мемлекетіміз теңгермелі, тежемелі, елеп-екшеген сыртқы саясатты жүргізіп келе жатқаны белгілі. Біз жер қойнауы шикізатқа да бай елміз. Өндіріске, экономикаға қажетті деген ең маңызды стратегиялық ресурстардың белгілі бір бөлігі мемлекетімізде шоғырланған.

Басылым • 19 Қыркүйек, 2023

Академиялық көптомдық әзірлігі пысықталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ежелгі кезең­нен қазіргі уақытқа дейін­гі Қазақстан тарихы» акаде­миялық көптомдық басылымын дайындау мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді.

Ұстаз • 19 Қыркүйек, 2023

Ұстаз тәлімі

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Тапанова еңбек жолын облыстық «Жезқазған туы» газетінде корректор қызметінен бастаған. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі қызметінің қыр-сырын меңгеріп, лайықты құрметке ие болды. Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және сая­саттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры қызметіне қабылданады. Жоғары оқу орнында сонау 1975 жылдан бергі уақытта ұстаз-ғалымның жарық көрген оннан аса ғылыми еңбегі болашақ мамандардың игілігіне қызмет етіп келеді.

Тарих • 19 Қыркүйек, 2023

Майдангердің еңбек өнегесі

Кімнің қанша жыл өмір сүру мүмкіндігі жарату­шының қолында ғой. «Тіршілігіңде не жасадың?» деген жалғыз сұраққа қайтарған жауабына қарай бақилық болған кісіге қажетті шешім қабыл­данатын көрінеді. Осынау сауалға Жасболат аға қалай жауап қайтарды екен? Жасболат Нұрмұхамбетовтің жетпіс төрт жылғы өмірінің мәнді, тірлігінің сәнді болғанын оның замандастары да, ізін басқан әріптестері де айтады. Өйткені ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді емес пе. Жасекең жақсылардың санатынан еді.

Жастар • 19 Қыркүйек, 2023

Аутизмге арналған қосымша

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зият­керлік мектебінің оқушылары аутизммен ауыратын науқас­тардың эмоционалды интеллектісін дамытуға арналған «Drive Beyond» қо­сымшасын жасады. Жоба «Samsung Solve for Tomorrow» бай­қауының республикалық кезеңінде үшінші орын алған.

Саясат • 19 Қыркүйек, 2023

Бейбітшілік аясындағы жаһандық қозғалыс

Өткен аптада Израильдің беделді басылымы – «The Jerusalem Post»-қа Пре­зидентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Religious leaders can help bring about world peace – opinion» атты мақа­ласы жа­рияланды. Мақалада ха­лық­­ара­лық қауіпсіздік жүйесі дағда­рыс пен бел­гісіздік кезеңін бастан өтке­ріп жа­т­қан бүгінгідей геосаяси жағдай­да бей­біт­ші­лік пен тұрақтылықты қамта­масыз етуге қатысты іргелі мәселелер көтерілген.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2023

Түбегейлі өзгерістерге жол сілтейтін құжат

Әдетте халыққа Жолдау ұзақмерзімді тақырыпқа арналады да, онда қойылған мақсаттар абстракт терминдермен, әдемі сөздермен, асқақ мұраттармен көмкеріледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауында мұндай болған жоқ. Меніңше, осы ел басшысының бұл жол­ғы үндеуінде прагматизм, шынайылық және өршіл мақсат айқын аңғарылады. Жетістіктер атап көрсетілді. Кемшіліктер де назардан тыс қалмады. Ұзақмерзімді мақсаттардың орнына қысқа және орта мерзімдегі өлшенетін міндеттерге басымдық берілді.