Саясат • 11 Қаңтар, 2024
Стратегиялық зерттеу: Бағыт пен бағдар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына (ҚСЗИ) барып, Ғылыми кеңестің отырысына қатысты.
Пікір • 11 Қаңтар, 2024
Мемлекет құраушы ұлт: Мәртебе мен жауапкершілік
Ел Президенті таяуда «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, құндылықтар жүйесін жаңғырту қоғамдық жауапты іс екенін баса айтты. Бұл – Мемлекет құраушы мәртебеге тікелей қатысты мәселе. Әлемде 2 мыңнан аса ұлт, халық болса, солардың 193-інің ғана әлемдік қауымдастық мойындаған ресми мемлекеті бар. Демек мемлекет құраушы ұлт болу – жер шарындағы әрбір он халықтың біреуіне ғана тиесілі зор бақыт.
Пікір • 10 Қаңтар, 2024
Жаңашыл өріс дипломатияға байланысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деген еліміздің бас газетінде жарияланған сұхбатында көптің көкейінде жүрген келелі мәселелермен қатар, еліміздің сыртқы саясатына ерекше тоқталған. Өйткені қандай да болсын мемлекеттің өміршеңдігі мен экономикасының орнықты дамуы сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге, дипломатияға байланысты.
Пікір • 10 Қаңтар, 2024
Заманауи стратегия – ұлттың жаңа сапасы
Еліміз үшін жаңа жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Оның ішінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын оқып, көкейдегі сан сауалға жауап алдық. Бүгінде біз мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық құндылықтар жүйесін қайта жаңғыртуға және тұтас алғанда ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталуының өзгергеніне куә болып отырмыз.
Пікір • 10 Қаңтар, 2024
Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деп аталуы ғалымдарға үлкен міндет қойып отыр. Бүгінде еліміз ілгері дамуы үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Осыған сай қоғамның бетбұрысы өзгеріске түсіп отыр. Адамдардың санасы жаңарып, ғылыми көзқарасқа деген серпіліс қалыптасып келеді.
Университет • 10 Қаңтар, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 90 жыл толып отыр. Әрине, осындай білікті, бірегей оқу орнының өз тарихы, қалыптасқан жолы, мемлекетте алатын биік орны бар. Өткенді айтпай, бүгінді бағамдап, болашақты болжай алмайсың. Сондықтан да университет тарихын қайта бір жаңғыртқан кезде, әлбетте, өткен күндерге қалай да көз жүгіртесің, зерттейсің, талдайсың.
Тұлға • 10 Қаңтар, 2024
Айтматовпен бірге өзгерген әлем
Бүгінгі заманауи әдебиет туралы айта бастасақ, аузымызға Айтматов түсе кететіні неге? Отқа оранған ойым Шыңғыс шығармаларына оралатыны қалай? Оралмасқа амалым да жоқ сияқты көрінеді.
Сараптама • 10 Қаңтар, 2024
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде ластанған ауаның кесірінен жылына 4,2 миллион адам мезгілсіз қаза табады. Метеорологиялық жағдайы қолайсыз мемлекеттер қатарында Қазақстан 13-орында тұр.
Тұлға • 10 Қаңтар, 2024
Ол жайында біреуден сұрай қалсаң «ақжарқын жігіт еді» дейді. Шығармашылығы жайына келгенде алдымен фельетонист екендігін, қарымды журналист-жазушы екендігін айтады.
Басылым • 10 Қаңтар, 2024
Таяуда Алматының «Алгорифм» баспасынан ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтың 5 томдық қазақ және орыс тілдеріндегі еңбектерінің жинағы жарық көрді. Көптомдықты баспаға ұсынған – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (директоры – ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е.Қабылдинов). Демеушісі – меценат, дәрігер Ғани Смаханұлы.