Үкімет • 09 Қаңтар, 2024
2024 жылға арналған жоспар бекітілді
Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 7-отырысында БҰҰ-ның ТДМ саласындағы Қазақстанның ұлттық индикаторларын өзектендіру мәселелері талқыланды.
Пікір • 09 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты көптеген мәселе қамтылыпты.
Пікір • 08 Қаңтар, 2024
ХХІ ғасыр – жаңалығы желдей ескен, адамзаттың санасы ғарыш кеңістігімен таласқан кезең. Әлем сағат санап өзгеріп жатыр. Біз өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық ғаламда өмір сүріп жатырмыз. Адамзат өз дамуының жаңа дәуіріне – цифрлы кезеңге аяқ басты.
Пікір • 08 Қаңтар, 2024
Салиқалық пен сабырлық мықты саясаткердің негізгі, қала берсе өмірлік қағидаты болса керек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты халқымыздың көкейінде жүрген талай түйткілді сұрақтарға шынайы жауап берген ашық әңгіме болды. Қасіретті қаңтарға қатысты да бұрын-соңды айтылмаған жаңа түйіндемелерді шынайы айтқанын байқаймыз.
Пікір • 08 Қаңтар, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Сұхбат халыққа қызмет етіп жүрген азаматтарға бағыт-бағдар берер нұсқаулық болуға тиіс.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Ардагерлерді алаламаса екен...
Мен 1940 жылы дүниеге келіп, есімді білгеннен соғыстан сансырап шыққан елдің еңсесін түзеуге атсалысқандардың бірімін. Әрине, қоғамға жасаған қызметімізді бұлдамаймыз. Бірақ жарты әлемді жайпаған соғыстан кейін тірлікке араласып, жұртпен бірге талай қиындықтан өткен бізге қартайғанда әлеуметтік жағдай жасалмай отыр. Мен де, осы күні қатары сиреген менің қатарластарым да осы уақытқа дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ала алмай келеміз.
Тарих • 08 Қаңтар, 2024
Мемлекеттілік тарихын зерделеген
Шынайы тарихшы болу дегеніміз елжанды, нағыз патриот деген ұғымды білдіреді. Өйткені патриот тарихшы ғана халқының, мемлекетінің ғасырлар қатпарында қалған белгілі және белгісіз тағдыр-талайын, тарихы мен тағылымын, күрес жолдарын терең зерттеп, болашаққа шыншыл тарихи мұра қалдыра алады. Тарихы ғасырларға терең бойламайтын елді ешкім де санатқа қоспайтыны бесенеден белгілі. Олай болса, бесігімізді қалай түзесек, тарихымызды да солай түзегеніміз жөн. Шынтуайтына келгенде, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Кәрібаевтың білікті тарихшыға айналып, ел құрметіне бөленуі де оның отаншылдығының, мемлекет тарихын бұлтартпас дерек-дәйектермен дәлелдеп, Қазақ хандығы ұлттық мемлекетіміздің негізі екенін айқындаған терең білімдарлығынан болса керек.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2024
Теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телерадио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
Халық • 08 Қаңтар, 2024
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Мәжіліс төрағасы Ұлытау облысының тұрғындарымен Президент реформаларын талқылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Ұлытау облысына барды. Олар облыс активімен, өндіріс орындарының жұмысшыларымен кездесіп, Жезқазған жылу электр орталығының жұмысымен танысты және «Анненская» кенішіне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.