Пікір • 04 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қоғамдағы іргелі сұрақтарға байыпты, салиқалы жауап берілген. Ішкі, сыртқы саясат, экономикалық өсім, адам капиталын дамыту, идеология саласы, Қаңтар оқиғасы, қосарланған билік, отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес, петиция заңы, кадрлық саясат мәселелері қозғалыпты. Әр тақырыпты тарқатуға және кеңірек кешенді түрде қарастыруға болады деп ойлаймын.
Пікір • 04 Қаңтар, 2024
Салиқалы сұхбаттың салмақты тұсы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетінде шыққан кең көлемді сұхбатын оқып, елдің қазіргі жағдайы мен келешегі жөнінде көп мағлұматқа қанықтық. Әсіресе Қазақстанда энергия тапшылығы тақымдап тұрған сәтте АЭС салу немесе салмау мәселесіне қатысты ұстанымы біздің ойды дөп басты.
Пікір • 04 Қаңтар, 2024
Ұлт құндылықтары бәрінен жоғары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сындарлы сұхбатында өзекті мәселелер көтерілген. Әсіресе Ата заңның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық сот, еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Үкіметтің стратегиялық міндеттері, Қаңтар қасіреті, Ұлттық құрылтай, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өткір тақырыптар кеңінен қамтылған.
Пікір • 04 Қаңтар, 2024
Инвестицияға қолайлы елдер қатарына кіре аламыз
Мемлекет басшысының көлемді сұхбатының екі тарауы отандық экономикаға қатысты екен. Мұндағы ең басты сұрақ – 2029 жылы стратегиялық мақсатымыз 450 миллиард долларлық ішкі жалпы өнімге жете аламыз ба? Әу бастағы есеп бойынша мұндай мақсатқа жету үшін жыл сайын экономикалық өсім 5 пайыздан кем болмауға тиіс. 2023 жылы шамамен 5 пайыз өсімді қамтамасыз еттік. Бірақ онда 2024 жылы кем дегенде 6 пайыз өсімді бағындыруымыз керек.
Пікір • 04 Қаңтар, 2024
Күнтізбелік жаңа жылдың алғашқы күндерінде ел халқы «Биыл не істейміз? Қайда барамыз?» деген ең басты өмірлік мәні бөлек өзекті сұрақтарына толымды жауап тапты.
Үкімет • 04 Қаңтар, 2024
Ядролық физика институтының қызметімен танысты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының басшылығымен және ғалымдарымен кездесті.
Саясат • 04 Қаңтар, 2024
Проблемаларды тұрғындармен бірге талқылады
Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында бірқатар кездесу өткізді.
Үкімет • 04 Қаңтар, 2024
Облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу
Сенат депутаттары Ернұр Әйткенов пен Алтынбек Нұхұлы Павлодар облысы мәслихатының депутаттарымен кездесті.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
4 қаңтарда «Қазжол» қонақ үйінде саясаттанушы Марат Шибутов «Алматы трагедиясы: екі жылдан кейін» атты баяндамасын ұсынды. Тұсаукесерге белгілі журналистер мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Серпіліске бастайтын ашық әңгіме
Күнтізбелік 2024 Жаңа жылымыздың алғашқы күні Қазақстан халқы үшін есте қаларлықтай ерекше бір тың серпіліс әкелді деуге болады. Оған себеп болған еліміздің бас газеті «Egemen Qazaqstan»-ның Мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен үлкен ғалым, газеттің бас директоры Дихан Қамзабекұлының ауқымы мол, ағыл-тегіл, ашық-жарқын әңгіме-сұхбатын жариялауы еді.