Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім артып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатынан ел болашағына қатысты біраз нәрсені пайымдауға болады. Негізінен сұхбатта мемлекеттің әсіресе жастарды заман талабына сай жаңа дағдылар мен мамандықтарды игеруге шақыруы уақыт талабын дәл баса отырып айтылған ой деп айтуға болады. Ол осы сұхбатында жастарға деген ерекше сенім артып отырғанын байқатты.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Алматы облысында полицейлерге арналған тәлімгерлік кеңес құрылды
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының төрағалығымен тәлімгерлер кеңесін құру бойынша жиын өткізілді. Жиынға полиция бастығының орынбасарлары, сондай-ақ ведомствоның дербес басқармалары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары және ардагерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Білім мен ғылым – ел дамуының негізі
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты жалпы халық көкейінде жүрген сұрақтарды қамтып, соңғы жылдар ішінде сыртқы саясат пен ішкі іс-шаралар туралы қорытынды-есеп ретінде жүргізілген екен. Оқтын-оқтын әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарынан көріп-естіп жүрген ақпарат болса да, барлығы бір сұхбат барысында жинақты баяндалғандықтан Президенттік міндетін атқару барысында көптеген оң шаралар жүзеге асырылды деп айтуға толық негіз бар.
Әдебиет • 10 Қаңтар, 2024
«Қазақ әдебиеті» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды
Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген «Қазақ әдебиеті» газетіне - 90 жыл. Ғасырға жуық уақыт аралығында оқырманын әдебиеттің әр буынындағы жазушылардың жауһар шығармаларымен қауыштырып жүрген газет ұжымын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Саналы ұрпақ жарқын болашақтың көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қазірге дейінгі атқарылып келе жатқан және болашақта атқарылатын елдегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Экспорт • 10 Қаңтар, 2024
Экспортты ілгерілетудің маңызы
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда экспорттық-кредиттік агенттік құру және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заң талқыланды.
Баға • 10 Қаңтар, 2024
Бағаны тұрақтандыру талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша 2023 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.
Үкімет • 10 Қаңтар, 2024
Өңірлердегі өзекті мәселелер ескеріледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Жиында депутаттар 11 қаңтар күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітіп, сенаторлардың өңірлерге сапарын қорытындылады.
Сараптама • 10 Қаңтар, 2024
Қоғамдық кеңес: талдау мен бағалау
Қазақстан қоғамдық даму институты қоғамдық кеңестердің қызметін зерттеу жұмысын бастады. «Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндама – 2020» шығарылымы – ҚҚДИ-дің еліміздің әлеуметтік-саяси өміріне ҚК қосқан үлесін талдауға және бағалауға арналған алғашқы баяндамаларының бірі. Кешенді құжат жарыққа шыққаннан кейін баяндама атауының стандарты қайта қарастырылды.
Кәсіпкер • 10 Қаңтар, 2024
Парламент Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданында болды. Жергілікті тұрғындар кездесу барысында бірқатар өзекті мәселені көтерді.