Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24555 материал табылды

Әдебиет • 02 Қазан, 2024

Қимас қазынаның жоқшысы (эссе)

Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны бар талантты жазушы Жақсылық Түменбаевтың туғанына биыл сексен жыл толды. Жалпы, жазушының шығармашылық әлемі туралы сөз қозғағанда оның артына қалдырған әдеби мұрасының ішіндегі ең шоқтығы биік екі туындысын ерекше бөліп атағанымыз жөн болмақ. Олар – қаламгердің «Ауыл шетіндегі үй», «Ауыл мен Алматының арасында» деп аталатын повестері. Өйткені Жәкең тап осы екі баянында суреткерлік әлеуетін, кемеліне келтіріп, келістіре көрсете алған. Сондықтан да Түменбаевты Түменбаев етіп тұрған осы қос туынды жазушының ең қымбат рухани қазынасы десек шындықтан шет кетпейміз.

Аңдатпа • 02 Қазан, 2024

Аңдатпа

3 қазан - «Махаббат жағалауы» Музыкалық жас көрермен театрында Мар Байджиевтің «Ма­хаббат жағалауы» драмасы қойылады. Режиссері – А.Мае­миров.

Тұлға • 02 Қазан, 2024

Ибн Бөкет

«Әрбір сәбиге мағыналы есім беру – ата-ана парызы» дейді бұрынғының да, қазіргінің де жауапты адамдары. Ел арасында кешегі күнге дейін нәрестеге ат қою сыйлы ақсақалдан, зиялы оқығаннан сұралатын. Ілгеріде мұндай құрметке молдалар (қазақ дін саласы адамдарын жинақтап осылай атайды) ие еді.

Қаржы • 01 Қазан, 2024

Қаржылық тұрақтылықты нығайту пысықталды

Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы бюджеттік саясат және Қазақстанның ХВҚ-мен ынтымақтастығы мәселелерін талқылау болды.

Жемқорлық • 01 Қазан, 2024

Жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды түзету қаралады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Қоғам • 01 Қазан, 2024

Астана епархиясына – 25 жыл

Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Астана епархиясының 25 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Салтанатты рәсім Астанадағы қасиетті апостолдар Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта ұйымдастырылды.

Энергетика • 01 Қазан, 2024

АЭС: Отандық кәсіпорындар рөліне назар аударылды

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Алматы қаласына барып, Ядролық физика инсти­­ту­тының жұмысымен танысты, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университетінің ұжымымен кездесті.

Үкімет • 01 Қазан, 2024

Дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқанына қатысты жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажетті құралмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Тұлға • 01 Қазан, 2024

Ғаламға ғашық, қаламға ғашық жыр-жүрек

Ұлт баспасөзінің бүгінгі патриархы, көрнекті журналист-жазушы, көркем тәржіманың хас зергері, талай журналистер буынының ардақты ұстазы Сарбас Ақтаев хақында айрықша тебіренбей, бөлекше толқымай қалам тербеу мүмкін емес. Қауырсын қаламын ең алғаш өлең өріп, жыр жазып, айтыста сайысып шыңдаған қиялы ұшқыр, ойы сергек ол әдебиеттің барлық жанрында қажымай, талмай моншақтатып тер төгіп келеді. Тегеурінді еңбектің жемісі саналар оннан астам тарихи-танымдық, деректі-көркем әдеби кітаптары республиканың баспаларынан жарық көрді. Әлем әдебиеті өкілдерінің ең таңдаулы, ең танымал авторларының романдары мен повестерін, хикаялары мен әңгімелерін қазақтың құнарлы тілінде сөйлетті. Олардың жалпы саны жүзге барып жығылады. Неткен жанкештілік!

Аңдатпа • 01 Қазан, 2024

Аңдатпа

10 қазан - «Жас Абай» Ә.Мәмбетов атын­дағы мемлекеттік драма және комедия теа­трында М.Әуезовтің «Жас Абай» драмасы қойылады. Сах­налық нұс­қа авторы мен режиссері –­ Н.Жұманиязов.

Яндекс.Метрика