Пікір • 07 Қыркүйек, 2023
Әлеуметтік демократияның көтерер жүгі ауыр
Дәл бүгін бізге қоғам мен билік арасындағы пәтуа, келісім мен үйлесім, өзара сенім мен сыйластық керек. Әр адам өз орнын білгені шарт. Бұл туралы Конфуций: «Әр адам өз ісін атқара білсін. Билеуші ел билесін, жұмысшы еңбек етсін, әке – әке, бала – бала орнында болсын. Тұрмыстың осы қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Өмірдің сиқы қашады, сыйластық жойылады, ел ішін алауыздық пен өтірік-өсек жайлайды. Үлкен өрт кішкене шақпақ тастан шыққан ұшқыннан басталады», дейді. Орынды, айтылған сөз.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жолдаған биылғы Жолдауында нақты тапсырмалар мен міндеттер көрсетіліп, орындалуына қысқамерзім белгіленді.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2023
Президент экономикадағы өңдеуші саланы дамыту жөнінде келелі бастама көтерді. Қарап отырсаңыз, ел экономикасы – кеңес өкіметі жасап берген жобамен келе жатыр. Яғни арнайы тек шикізат өндіретін экономика ретінде құрылған. Қай саланы қарасаң да біз осыны көреміз. Бұл экономика жобасы кеңес заманында қалыптасты, одан кейін тәуелсіздік жылдары да бұдан көп айни қойған жоқпыз.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2023
Жолдаудың негізгі мақсаты еліміздегі жағымды саяси жаңғыруларды енді экономикалық өзгерістермен ұластыру деп ойлаймын. Ал экономиканың дамуы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартатыны сөзсіз.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023
2023 жылы болатын атаулы күндер мен мерейтойлар
Елімізде мерекелік (демалыс) күндерінің тізімі бар. Кәсіби және өзге мерекелік күндер атап өтіледі. Биыл әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым саласы бойынша бірнеше тұлғаның мерейтойы тойланады.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2023
Парламент Сенатының төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев елордада өткен инклюзивті турнирге қатысты. Боччадан алғаш рет ұйымдастырылған бұл сайысқа белгілі спортшылар, сарапшылар және БАҚ саласының білікті мамандары да арнайы келді.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023
Қосшыда жаңа мешіттің іргетасы қаланды
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысы Қосшы қаласының орталығында жаңа мешіттің іргетасын қалау іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023
Ұлттық бірегейліктің темірқазығы
Бүгін, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Қазақ тіл білімінің негізін қалап, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған ағартушы ғалым, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған бұл күннің маңызы тереңде жатыр. Өйткені, әр халықтың тілі – оның сан ғасырлық тарихы мен мәдениетінің коды. Сондықтан оны сақтау және дамыту ұлттық бірегейлік пен қадір-қасиетті қалыптастырудың маңызды шарты болып қала береді.
Білім • 05 Қыркүйек, 2023
«Жас ұстаз – 2023»: ауыл мектебінде жұмыс істеу – абыройлы миссия
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығында жас мұғалімдердің «Жас ұстаз: табысқа апарар жол»⠀ІІ республикалық форумы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 05 Қыркүйек, 2023
Жолдау көкейде жүрген көп сұраққа жауап берді. Мемлекеттің дамуына септігін тигізетін бірнеше жаңа бағыт анықталды. Депутат қана емес, қатардағы азамат ретінде де Жолдаудан жақсы бастамалар көрдім.