Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21563 материал табылды

Қоғам • 06 Маусым, 2023

Медиа: зерттеу мен болжам

Әлемдік зерттеулерде өзге тақырыптармен қатар журналистика мен медиадағы болжамды бағамдап отыру әдетке айналған. Күнделікті өмірге сіңіп кеткен медиа саласының бетбұрысы, үрдісі қандай? Осы орайда Оксфорд университеті, «Reuters» журналистиканы зерттеу институты мен «Google жаңалықтар бас­тамасы» бірлесіп жүргізген зерттеуі назар аударуды қажет етеді. Өткен жылы жарық көрген «Журналистика, медиа және технология трендтері мен 2023 жылғы болжамдар» атты есеп 53 мемлекеттегі 303 жетекші медиакомпания басшысынан алынған сауалдамаға негізделген. Сауалдама нәтижесінде келесідей бірқатар үрдіс анықталған:

Шаруашылық • 06 Маусым, 2023

Тарбағатай: Түйіні шешілмеген түйткіл көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп саласын дамыту туралы тапсырмалары, осы саланың маманы болғандықтан, мені де бейжай қалдырмады. Қолыма қалам алып, өз көрген-білгенімді ой елегінен өткізіп, ортаға салғым келді. Кеңес одағы тарағаннан кейінгі дағдарысты біздің Тарбағатай ауданы да бастан кешті. Облыстар мен аудандар қысқарды. 1997 жылы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауданына қосылды. Бұл жағдай халықтың әл-ауқатының төмендеуіне әкеліп соқты.

Таным • 06 Маусым, 2023

Кітап оқуға қатысты топ-5 кеңес

Кітап оқу – ми жаттығуы.  Кітаппен достасқан адам ақылы толысып, парасатты бола түседі. Әрі өз ойын нақты, ашық айта алатын болады. Кітапты көп оқу ойлау жүйеміздің жақсаруына, қиялымыздың дамуына, сонымен қоса сөздік қорымыздың артуына өзіндік ықпал етеді.

Тұлға • 06 Маусым, 2023

Жалау Мыңбайұлы Түркияда ардақталды

Мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлын (1892-1929) кеңестік Қазақ автономиясында елдік-ұлттық құндылықтарды жалғастырған, Алаш зиялыларын қадірлеген, ел мен жер тұтастығына қызмет еткен тұлға ретінде бағалаған дұрыс.

Мәдениет • 05 Маусым, 2023

Мысырдағы Байбарыс мешiтi

Каирдегі Байбарыс сұлтан мешіті қайта жаңғырып, даңқты билеушінің 800 жылдығына орай салтанатты түрде қайта ашылғанынан көпшілік хабардар. Шындығында, бұл елдігімізді айғақтайтын айтулы іс-шара болды. Алайда көпшілік Каирдегі Байбарыс мешітінің қалай салынғанын, неге салынғанын біле бермеуі мүмкін. Сондықтан тарихтан тамыр тартып, осынау танымдық тақырыпқа тағы бір оралғанды жөн көрдік. Байбарыс (Осы атау түпнұсқасына жақын) сұлтандық құрып дүркіреп тұрғанда 1265 жылы өз атынан Каирде мешiт соғуға ниеттенеді. Ол Ақтай мен Фахруддин деген бектерге мешіт салуға лайықты орын табуға жарлық бередi. Бектер инженерлермен бірлесіп, түйе қоралары орналасқан жердi таңдайды. Бай­барыс оларға: «Түйе тұрған жерге мешiт салмаймын», деп мешiт салатын жердi өзi іздейді. Ақырында сұлтан мешітті Қарақұш майданына салуға, бiр бөлiгiн оны ұстап тұруға қажеттi табыс көзi болатын уақыпқа беруге және мешiт құрылысына қа­жеттi гранит, ағаш, тағы басқа заттарды әкелуге бұйрық бередi.

Қоғам • 05 Маусым, 2023

Той қызығы таусылмасын десек...

Бар тапқанын бала-шағасының қуанышына еш ойланбастан шаша салатын қазақтың той шығыны жылдан-жылға өсіп барады. Мұны бірсыпыра той өткізу агенттіктері де растап отыр.

Қоғам • 05 Маусым, 2023

Бауырластар туралы баян

Кешегі кеңестік кезеңдегідей емес, тәуелсіздіктің арқасында бүгінде азаматтарымыздың алыс-жақын шетелдерге ат арытып барып-келуі пәлендей тосын жаңалық болудан қалды ғой. Адам өмірге бір рет қана келетіндіктен, байырғы бабалар сөзімен айтар болсақ, «Асың барда беріп жүріп ел танығанға, атың барда желіп жүріп жер танығанға» не жетсін? Өйткені өзге елдің тыныс-тіршілігімен, ондағы халықтың өткенімен, мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен, салт-дәстүрлерімен танысқан сайын өзіңнің де көкірек көзің ашылып, дүниетанымың кеңейетіні, жан дүниең байи түсетіні шындық.

Әлем • 05 Маусым, 2023

Трамп жыл бойы мерекелік кеш өткізбекші

Дональд Трамп Тәуелсіздік Декларациясының 250 жылдығына орай бір жылға созылатын жалпыұлттық мерекелік кеш өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таным • 05 Маусым, 2023

Шахмат интеллектіні дамытуға қалай көмектеседі?

Шахмат - бұл қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар миға арналған ерекше жаттығу. Шахмат стратегиялық ойлау, жоспарлау, шоғырлану, логика және проблемаларды шешу сияқты әртүрлі интеллектуалды дағдылардың дамуына ықпал етеді. Көптеген ғылыми зерттеулер шахмат ойыны интеллект пен когнитивті қабілеттің дамуына оң әсер ететіндігін дәлелдейді.

Инновация • 05 Маусым, 2023

Paragraphica: Фотосурет саласындағы инновация

Фотография әлемінде керемет инновациялар болып жатыр. Жыл сайын біз фотосурет сапасын, түсіру жылдамдығын және басқа да техникалық сипаттамаларды жақсартатын жаңа камераларды көреміз. Бірақ егер камера нақты фотосуреттер түсірмесе, оның орнына жасанды интеллект алгоритмдері арқылы егжей-тегжейлі кескіндер жасаса ше? Дәл осындай камераны инженер Бьорн Карман Paragraphica атты камераны ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.