Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21563 материал табылды

Қоғам • 05 Маусым, 2023

Асқақ абыройлы ардагер

Қазақ қашан да жақсысын жарқыратып көрсетуге, онымен мақтануға бейім халық. Азаматын ардақтап, есімін ұлықтайтын ұлдар барда, ағалар салған сара жол сақталады. Сол даңғылдың бойымен ұрпақтар келешекке қадам жасайды. Міне, кеше мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің сабақтастығы осында жатса керек.

Ғылым • 05 Маусым, 2023

Ғылымның қия жолында

Біздің буынның еңбекке араласуы тәуелсіздікпен тұспа-тұс келді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында еңбек жолын бастағандықтан, осы жылдар аралығында ғылым саласындағы түрлі оқиғаға куә болдық. Ел экономикасының күрт құлдырауы ғылымда жүргендердің қалтасын қағып, жан бағу оңай шаруа болмай қалды. Әди Шәріпов, Мұхаметжан Қаратаев, Мүсілім Базарбаев, Зәки Ахметов, Серік Қирабаев, Жұмағали Ысмағұлов, Әбділхамит Нарымбетов, Шериаздан Елеукенов, Қабиболла Сыздықов, Бақытжан Майтанов тәрізді әдебиеттану ғылымының майталмандарымен бірге түрлі қиындықты жеңдік. Бұл жылдары институтты С.Қирабаев, Ш.Ыбыраев, С.Қасқабасов, У.Қалижанов, К.Матыжановтар басқарды. Бүгінгі әңгімеміз филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі Уәлихан Қалижанұлы төңірегінде болмақ.

Таным • 05 Маусым, 2023

Шаһарлардың «мерейтойлық шеруі» немесе Қарқаралы тарихын қай уақыттан бастаған дұрыс?

Еліміздегі жер-су, елді мекен атауларын тарихи әділдікпен қалпына келтіру ісі жүзеге асып келеді. Сонымен қатар елді мекендердің іргетасы қаланған жылын тарихи-деректік тұрғыдан анықтау – қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. Мәселен, патшалық Ресей қазақ жерін отарлау барысында қала-бекіністер салғаны мәлім. Содан қалған кейбір қалалық мекендердің тарихын анықтағанда, көбінесе патшалық Ресейдің бұйрығы шыққан уақытпен есептеу әдетке айналды. Бұл тарихи әділдікке жата ма? Біздіңше ел тарихындағы қалалардың жасын есептеуде жаңаша көзқарас қалыптастыратын уақыт жетті. Әйтпесе, тағы да қазақ жерін отарлау мақсатында салынған қала-бекіністердің «мерейтойлық шерулері» жалғаса беретіні анық.

Руханият • 04 Маусым, 2023

Қазақбаевты ұмытпасақ екен...

Қазақстан Жоғарғы кеңесі төралқасының тұңғыш төрағасы Әбдісәмет Қазақбаевтың саналы ғұмыры, азаматтық, қайрат­керлік жолы – бүгінге, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге.

Абай • 04 Маусым, 2023

Абай үйіне жүргізілген тінту

Ұлы Абайдың өмірбаянын зерттеп, толықтырып жазу жұмысы жетер өрісіне жетіп болмағаны белгілі. Осы жылы ерекше көңіл бөліп, кейінгі зерттеушілердің есіне салып өтер бір жайт – ақынның үйіне жүргізілген тінту.

Егемен Қазақстан • 04 Маусым, 2023

«Хат қоржын»

Көрме • 04 Маусым, 2023

Жас суретшілер көрмесі

Елордадағы Ұлттық музейде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Balavision 2023» балалар көрмесі ашылды. Онда музей­дегі кескіндеме және графика үйірмеcіне қатысатын жасөспірімдердің шығармашылық жұмыстары көрсетілді.

Өнім • 01 Маусым, 2023

Ақпәтердегі инновациялық жоба

Топырақты органикалық заттармен тыңайту көпшілік үшін бас ауыртар мәселеге айналғалы қашан? Бірақ мұны шешудің балама жолы бар. Ол – калифорниялық құрттарды пайдалану әдісі. Бұл жалпы табиғи таза органикалық тыңайтқыш – биогумус өндіру.

Тұлға • 01 Маусым, 2023

Ғибратты ғұмырдың иесі еді...

Кей кезде алдымызда жүрген абзал ағаларды ойлағанда «Жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» деген өлең жолдары еске түседі. Осындай зиялы ағаның бірі – Көпжасар Нәрібайұлы еді.

Қоғам • 01 Маусым, 2023

Жағымсыз әдет – жанға түскен дерт

«Адам – ақылымен қымбатты, ұрпағымен сымбатты» деген сөз бар. Біз келешегінен үміт күтіп отырған жас ұрпақтың басым бөлігі бүгінде рухани тұрғыда жұтаңданып, бос іс пен арзан күлкіге көп әуестенеді. Соның бір мысалы ретінде олардың әлеуметтік желілерді дұрыс қолданбауын, оның пайдасыз, зиянды жақтарына көбірек бой алдырып жататынын айтуға болады.