Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21563 материал табылды

Әдебиет • 10 Мамыр, 2023

Сұлулық пен мейірім

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Ғабит Мүсіреповтің шығармаларында әйел-ана, арулар өмірі жан-жақты суреттелген. Бұл шығармаларының идеялық, тәрбиелік мәні де аса жоғары. Оларды оқыған оқырманның әйел-ананың ұлылығына деген махаббаты, сыйы, құрметі арта түседі.

Қоғам • 10 Мамыр, 2023

Атырауда әлеуметтік нан қымбаттады

Атырау супермаркеттерінің арнайы бөлімдерінде әлеуметтік нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұлға • 09 Мамыр, 2023

Кемел мен Әзілхан

Майданда болғандар өмірді, достықты ерекше қадірлейді. Майдандас достардың бір-біріне деген құрметі ерекше болатыны да сол. Өмір өткелінің бір мезетінде Кемелдің үйінде қона жатып, сырласқан сәті көз алдына арбалып тұра қалған. Онда Әзілхан «Социалистік Қазақстанның» Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болып істейтін. Кемел осы басылымның жауапты хатшысы еді. Алыстан келген досын қолқалап, төріне шығарған. Жұмыс аяғында жеткен бұларды орта бойлы, талдырмаш денелі, қараторы келіншек күлімдеп қарсы алады. Жайдарылығы жүзінен ескен жан екен, ашық қабағынан қонақ күтуге дағдыланған аңсарлы әдеп аңғарылады.

Тұлға • 09 Мамыр, 2023

Ардагер

Биыл Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, милиция полковнигі, КСРО ІІМ еңбегі сіңген қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Елеусін Қайназаровтың туғанына 100 жыл толады. Ол кісі ерекше әрі бірегей адам еді.

Тарих • 09 Мамыр, 2023

Батырлармен бауырластық

Көрнекті қаламгер Қабдыкәрім Ыдырысовтың шығар­ма­­шылығында соғыс тақырыбы ерекше орын алады. 13 жасынан бастап қанқұйлы соғыстың елге салған лаңын бастан кешірген Қабдыкәрім – ауылдағы аңырап қалған жетім-жесірдің көз жасын өлең оқып, домбыра «сабалап үйреніп» ән айтып жүріп сүртіп, жұ­батқан ұрпақтың өкілі.

Оқиға • 09 Мамыр, 2023

Ерлігі мәңгі есте

Әскерге шақыру науқаны соғыстың алғашқы күнінен бастап жүргізіліп, қазақ жерінен майданға 1 200 000-ден астам адам алынса, оның 602 000-ға жуығы туған топырағына қайтып оралмады. Майданда жанқиярлық ерлік­терімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген жер­лестеріміз 500-ге жуық.

Тарих • 09 Мамыр, 2023

Майдан газеті: Сарғайған парақтар сыры

Сұрапыл соғыс талайдың өмірін жалмады. Қызыл әскер қатарына 1 млн 200 мыңнан астам қазақ­стан­­дық шақырылса, олардың әр­бір екіншісі опат болған. Сол күн­дердің жылнамасы, тарихы ретінде сақ­талған, көпшілік біле бер­мей­тін басылым «Отанды қорғау­да» деген атпен 1942-1944 жылдары шы­ғып тұрды. Газет Қызыл әскер­дің жоғарғы сая­си басқармасы Ле­нин­град майданы әскери кеңесінің ұсы­нысымен жарық көрді.

Оқиға • 09 Мамыр, 2023

Он жетісінде от кешкен

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтанған от қазақ даласын да шарпып өтті. Кеңестік кезеңдегі ортақ мүдде жолында қазақтың ұл-қыздары да қолына қару алып, майданға аттанды. Әр секунды қауіп пен қатерге толы сын сағатта Отан үшін жауға қарсы ұмтылғандардың бірі – Дәуренбек Дүйсенов.

Мәдениет • 08 Мамыр, 2023

«Дос - Мұқасанның» деканы

Өткен жылы елімізде «Дос-Мұқасан» көркемфильмі көрсетілді. Ол 1967-1974 жылдардағы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және есептеу техникасы факультеті студенттерінің вокалдық-аспаптық ансамблінің құрылуына, қалыптасуына және оның музыкалық-тәрбиелік маңызын елге таратуға арналған туынды болатын. Онда Техникалық оқу орыны студенттерінің республикада үздік музыкалық ұжым ұйымдастырғаны, бүкілодақтық байқаулардың жеңімпазы атанып, Қазақстанның эстрададағы аңызға айналғаны көрсетілген.

Егемен Қазақстан • 08 Мамыр, 2023

«Хат қоржын»