Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21563 материал табылды

Пікір • 27 Сәуір, 2023

Жастар да жаңашылдыққа үн қосады

Ассамблеяның екі күнге жалғасқан басқосуында көпті толғандырған өзекті мәселелер айтылды. Ұсыныстар да енгізіліп жатыр. Мәселен, мәдениет пен өнер, әдебиет және журналис­тика саласында екі жүлде тағайындалатын болды. Бұл этносаралық достықты нығайтуға әсер ететін әндердің, мақалалардың жарық көруіне септігін тигізеді.

Пікір • 27 Сәуір, 2023

Бүтін бір ұлт

Ассамблеяның осы сессиясында бүтін халқымыз үшін терең дүниелер көтерілді. Осы тұста біз қазақ халқы деп төлқұжатына қарамай, ұлан-ғайыр атырапта тұратын, елдің төл дәстүрімен сусындап өскен, оның болмысы мен дүниесін бойына сіңірген азаматтарды айтамыз.

Пікір • 27 Сәуір, 2023

Тонның ішкі бауындай...

Қазақстанда қуғын-сүргін жылдары депортацияланған корей этносының төртінші буыны өмір сүріп жатыр. Ата-бабаларымыз сонау 1937 жылы Қиыр Шығыстың шекаралық аймақтарынан жер аударылып келген.

Пікір • 27 Сәуір, 2023

Толеранттылық бар жерде теңдік бар

Бү­гінгі таңда бейбітшілік пен бірлік тек елімізде емес, әлемде де өзекті. Әділетті Қазақстанды құру, татулықты сақ­тау, өзара сыйластықты нығайту біздің жаңа қоғам үшін қан­шалықты маңызды екендігін әрқайсымыз жүрекпен сезі­не­міз.

Инвестиция • 26 Сәуір, 2023

25 кен орнына инвестиция салынады

Жуырда елордада «MINEX Kazakhstan-2023» XIII тау-кен геологиялық форумы өтті. Бұл – жер қойнауын игеру мен аса маңызды пайдалы қазбалардың өндірісін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара.

Халық • 26 Сәуір, 2023

Ел есіндегі директорлар

Жәдігер • 26 Сәуір, 2023

Шәмшінің жаңа әні табылды

Қалалық мемлекеттік архив қорында жұмыс жасаған уақытымда «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газетінің 1959 жылдың 15 мамыр күнгі санында «Айша – қыз» атты әнге кезіктім. Әнін «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов, өлеңін ақын Берқайыр Аманшин жазған. Бұл әннің бұрын-соңды радио, теледидар, сахнада орындалғанын мүлдем естімеген соң, қызығушылығымды тудырғаны. Ән туралы атақты композитор Ілия Жақанов ағамыздан сұрағанымызда, ол кісі Шәмшінің күні бүгінге дейін жарыққа шықпаған, жоғалып кеткен белгісіз әндері бар екендігін жоққа шығармады. Сонау 50-жылдардың аяғында жарияланған аталған әнді естімегенін айтты. Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаева да бұл әннің қорда жоқ екендігін айтады.

Тарих • 26 Сәуір, 2023

Шернияздың ағы

Дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының Жәңгірге «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың... Хан емессің, ылаңсың, қара шұбар жылансың...» деп бетің бар, жүзің бар демей сойып салатыны бар емес пе? Қазақ жерінің батыс бөлігінің аға сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлымен бетпе-бет кездескен тағы бір шайыр Шернияз Жарылғасұлы оның шен-шекпеніне қарамай, қысастығын бетіне басқан.

Дәстүр • 26 Сәуір, 2023

Дүние жүзін мойындатқан дуэт

Отандық өнерпаздар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Италияда өткен беделді «Italy 2023» музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Пікір • 26 Сәуір, 2023

Елдікті келісім ғана сақтайды

Кешегі өткен панельдік отырыстар Ассамблеяның тыңнан түлеуге, жаңаша жұмыс істеуге ұмтылысын келісті көрсетіп берді. Толғағы жеткен мәселелерді ашық айтып, қиын түйіндерді шиеленбей тұрып тарқату ғана тығырыққа тірелуден сақтай алады.