Қоғам • 02 Қараша, 2022
Әлем тарихында, аты-жөндері белгісіз болғанымен, оқу, жазу мәдениетінің қалыптасуына өзіндік үлес қосқан адамдар баршылық. Бұл сөзімізге Израиль аумағындағы Лахиш қаласында жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында табылған, алғашқы жазу үлгісі түскен қыш құмыра қалдықтары дәлел бола алады. Ғалымдар бұл бір кездері Кипрден әкелініп, сүт құюға арналған құмыра деген болжам жасады. Сараптама нәтижесі табылған зат біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырға тиесілі екенін көрсетті. Бұл әліпбидің пайда болуы тарихын зерттеудегі ең маңызды оқиға десек, артық айтпағанымыз.
Қазақстан • 02 Қараша, 2022
Отан алдындағы борышты өтеу – барлық ер жігіттің азаматтық парызы. Әсіресе ат жалын тартып, кәмелеттік жасқа толғанда әскерден жалтарып жүру – ер азаматқа сын. Елімізде әскерден жалтармай-ақ ағалы-інілі болып әскерге баратын отбасылар да бар. Сондайлардың бірі – қарағандылық Аманбай әулеті.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Алаш рухты, абырой-беделі жетіп артылатын, ұлт дегенде тізгін-шылбырды бекем ұстаған жұрт кісісі, қарымды қаламгер Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойы жері шұрайлы, топырағы құнарлы, тарихынан да алар тағылым мол, арыстары шоқ жұлдыздай шоғырлы, қасиетті Қызылжарда аталып өтті.
Ғылым • 01 Қараша, 2022
Дамыған елдерге әлемнің әр қиырынан жылт еткен жаңалықты зерттеп, қолданысқа енгізу қиыннан-қиыстыратын шаруа емес. Өйткені білімнің негізін жетік меңгеріп, ізденістен қол үзбейтін ғалымдар өз саласының соңғы жаңалықтарын қалт жібермей бақылап отырады. Осындайда ғылымдағы үдерістер әлемдегі барлық елдің тәжірибесіне дендеп енсе, білім-ғылымды игеруде жаһандық жаңалықтар баршаға қолжетімді болса дейсің. Астанада басталып, әлемнің бірнеше еліне тікелей эфирде тараған V Нобель фестивалінің мақсаты да сол, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіндегі білім-ғылымды, инновациялық технологияларды әлемнің әр қиырындағы халыққа мейлінше тарату болған.
Тарих • 01 Қараша, 2022
Мұстафа Шоқайдың Гүржістандағы күндері
Өжет мінезі мен қайратын, биік талабы мен тағдыр-талайын халқының азаттығы мен теңдігі жолына арнаған Алаш ардақтыларының бірі Мұстафа Шоқайдың (1890-1941) қилы да қиын өмірінің бір белесі Гүржістанда (Грузия)өткені белгілі. Түркістан тәуелсіздігі үшін күресін жалғастыру үшін Мұстафа Шоқайдың Кавказды таңдап алуы кездейсоқ емес еді.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Жылдары баяу жылжығанымен, айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдырдың жазуымен егде тартқан шақтарында жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ыңғайлы, біртұтас ағзадай жүйелі жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Таңмен бірге оянып, күн сайын Қазақ радиосының хабарларын тыңдаушылардың қатарында бармыз. Таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап эфирге шығатын, үш сағаттық, Дина Орынтай мен Мұхтар Тұртай жүргізетін «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасы өз тыңдаушыларын баурап алады. Ара-арасында берілетін жарнамаларға да осы күндері көпшіліктің бойы үйренгендей. Алайда біздің айтпағымыз ол емес, басқа нәрсе.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Қалдықты қажетке жарататын кешен
«Жасыл даму» АҚ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында Өскеменде заманауи сұрыптау желісі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және Грекияның «Sabo» компаниясының өкілдері қатысты.
Саясат • 01 Қараша, 2022
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Республикалық сайлауалды штабында құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесті.
Саясат • 01 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Анар ауылындағы сайлаушылармен кездесті. Аталған елді мекендегі «Аян» ЖШС тыныс-тіршілігімен танысты.