Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21575 материал табылды

Партия • 28 Ақпан, 2023

Жаңа жұмыс орындары ашылады

«Amanat» партиясының партиялық тізімі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Сергей Вишняк, Күлпаршын Айдарханова, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Сарманова және Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ғалымжан Елеуов «Глобал» ЖШС ұжымымен кездесті.

Экономика • 28 Ақпан, 2023

Қаңтарда қанша алтын құйма сатылды?

2023 жылдың қаңтар айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбас­тау пункттерінде жалпы салмағы 79,5 кило болатын 2 364 алтын құйма сатылды.

Тарих • 28 Ақпан, 2023

Жамбыл жайында естігендерімнен

Жамбылдың байтақ мұрасы, оның ақындық мектебі, Жамбыл шығармашылығының зерттелуі туралы бірнеше кітап жазған кісінің бірімін. Бұл мақалада мен Жамбыл жайында Кенен атамнан, Мұхтар Әуезов, Әбділдә Тәжібаев ағаларымнан естігендерімді айтып берсем деймін.

Экология • 28 Ақпан, 2023

Топырақтан өмір иісі шығады

Қазіргі кезде топырақтың және топырақ жамылғысының экологиялық проблемасы бізде ғана емес, жаһандық көлемде де өткір тұр. Табиғи ресурстарды ретсіз пайдалану топырақты тоздырып жіберді.

Руханият • 28 Ақпан, 2023

Ертең

Ертең бүгіннен де қиын болмақ, себебі ертеңнің қандай болатынын бір Жаратушыдан өзге кім білмек? Ертеңнің өз сыры ішінде. Алайда таң атып, күн басталғанда ертең дегеніміз бүгінге айналмақ. Біз тағы да ойлаймыз: «ертеңіміз не болмақ?». Ертеңнің бүгінге айналғанынан нендей тәжірибе алдық? Тек күндердің дамылсыз ауысуы ма, жоқ, әлде әр күн өз жүгін келесі күнге өткізбекші ме?

Шаруашылық • 28 Ақпан, 2023

Бидайдың жаңа сұрпы

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты. Жаздық жұмсақ бидайдың жаңа түрі «Таймас» деп аталады.

Қоғам • 28 Ақпан, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» Теміртауға балабақша сыйлайды

2024 жылы пайдалануға берілетін жаңа балабақша – Қарағанды облысының әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы меморандумды орындау аясында компания Теміртау қаласына сыйлайтын үшінші әлеуметтік нысан.

Төтенше жағдай • 28 Ақпан, 2023

Аулаларды су басып жатыр

Биыл қыс айларында қардың көп түсуіне және ауа темпе­ратурасының күрт жоғарылауына байланысты Алматы облы­сының Талғар және Жамбыл аудандарында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ақпанның аяғында аталған аудандардағы бірнеше елді мекенді еріген қар суы басып, тұр­ғындардың берекесін алды.

Партия • 27 Ақпан, 2023

Уәде орындалуымен құнды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидат Наурыз Сайлаубай Жетісу облысындағы «Талдықорған кабель зауыты» ЖШС ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын баяндады.

Партия • 27 Ақпан, 2023

Өзгерістер кезеңіндегі тұжырым

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобының жұмысы Шымкентте жалғасты. Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған штаб өкілдерімен кездесуге Шымкент қаласының 360-тан астам азаматы қатысты.